< Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы

Ст. 8 Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы от 9 июля 2004 года N 593


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;

2) жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;

3) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) үйреншікті мекендеу ортасынан ауланған бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде және олардың ұрықтандырылған уылдырығын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету туралы шешім қабылдайды;

7) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды;

8) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің тізбесін бекітеді және оларды басқа санаттарға ауыстырады;

9) ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсетiн жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің, олардың бөліктерінің және дериваттарының халықаралық саудасына шектеулер енгiзедi;

10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

11) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекітеді;

12) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
9-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.01.2023 № 185-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...6‑2 7 8 9 10 ...61
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться