< Жедел-iздестiру қызметi туралы

Ст. 11 Жедел-iздестiру қызметi туралы 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-XIII Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Жедел-iздестiру қызметi туралы
11-бап. Жедел-іздестіру іс-шаралары

1. Жедел-іздестіру іс-шаралары жалпы және арнаулы болып бөлінеді.

2. Жалпы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады:

1) адамдарға сауал қою;

2) азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану;

3) енгізу;

4) қылмыстық іс-әрекетті имитациялайтын мінез-құлық таныту;

5) астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру;

6) бақыланатын өнім беру;

7) заңмен қорғалатын жеке өмірге, тұрғын үйге қол сұғылмауын, өзінің және отбасының құпиясын, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын қозғамайтын мәліметтер алу үшін техникалық құралдарды қолдану;

8) анықтамалар алу;

9) үлгілерді алу;

10) жедел сатып алу;

11) іздеу-қызмет иттерін пайдалану;

12) жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру;

13) ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу;

14) құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын орнықтыру және алып қою, оларды алдын ала зерттеу;

15) қылмысты әзірлеуші, жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау;

16) ұстап алынған адамдардың жеке басын жете тексеруді, оларда болатын қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды алып қоюды, сондай-ақ, тұрғын үй-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді куәгерлердің қатысуымен жүзеге асыру.

Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру барысында жеке басты жете тексеру және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеру, көлік құралдарын, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып жете тексеру куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін;

17) қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөніндегі операцияларды жүргізу;

18) байқау.

Осы тармақта көзделген жалпы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

3. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады:

1) адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау;

2) электр (телекоммуникация) байланысының желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап алу және алу;

3) абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу;

4) компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа құрылғылардан ақпаратты жасырын алу;

5) пошта жөнелтілімдері мен өзге жөнелтілімдерді жасырын бақылау;

6) жасырын кіру және (немесе) орынды жасырын зерттеп-қарау.

Осы тармақта көзделген арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 5), 6), 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларында тізбеленген жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының ережелеріне сәйкес іздестіру шаралары ретінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 187-IV, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...25
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться