< Әдiлет органдары туралы

Ст. 23 Әдiлет органдары туралы 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Әдiлет органдары туралы
23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары

1. Әдiлет органдары 15-22-баптарда тiзбеленген функциялардан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және қорғау;

2) өздерiне басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;

3) әдiлет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, қарау және қабылданған шешiмдер туралы өтiнiш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде хабарлау;

4) өз қызметi саласында Қазақстан Республикасы заңдарын қолданылу практикасын талдау және қорыту және оларды жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзу;

5) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

7) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек пен заң көмегін көрсету;

7-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8) алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9-1) уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингі жөніндегі қызметін үйлестіру;

9-2) заңдарға сәйкес әділет органдарының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

9-3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының талдау және әлеуметтік зерттеулерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайтын тәртіппен халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізуді қамтамасыз ету;

10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

2. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда әдiлет органдары сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлейдi.

3. Алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерістер енгізілді - 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 № 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.03.26 № 240, 2010.01.20 № 239-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.21 № 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.02.2017 № 49-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...22 22‑1 23 24 24‑1 ...34
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться