< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

Ст. 124-8 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
124-8-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттері

1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі: 

1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға: 

табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кірістілік деңгейі және босату бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей; 

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей; 

жарты жылдың, жылдың қорытындылары бойынша, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалғаны не орындалмағаны туралы ақпаратты ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей; 

бағаларға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде электрондық нысанда; 

осы Кодекстің 124-5-бабы 1-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қоғамдық маңызы бар нарықтардың субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген, электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты растайтын материалдарын қоса бере отырып, есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей; 

баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген күннен бастап немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) басталған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге босату бағасын алдағы көтеруге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын ұсынуға; 

2) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себептерін растайтын негіздеуші материалдарды ұсына отырып, олардың өсу себептері туралы ақпаратты кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын электрондық нысанда беруге; 

3) қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібін сақтауға; 

4) шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес орындауға; 

4-1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында мыналарды: 

осы Кодекстің 124-5-бабы 1-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген, электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей; 

шекті бағада ескерілген, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде жекелеген тұтынушылар топтарының тұтыну көлемдерінің асып кетуі нәтижесінде алынған кіріс туралы жартыжылдық ақпаратты есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;  

шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалғаны не орындалмағаны туралы жартыжылдық ақпаратты есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;  

тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды асыру туралы ақпаратты және негіздеуші материалдарды олар табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісу үшін жіберілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей орналастыруға; 

5) алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған кірісті тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған кезде қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету жолымен қайтаруға; 

6) шекті бағаны негізсіз асырып жіберу нәтижесінде алынған кірісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган осындай фактіні анықтаған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған кезде қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету жолымен қайтаруға; 

7) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның нұсқамаларын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген, оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімдерде орындауға; 

8) өзінің интернет-ресурсында не табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында босату бағалары туралы, жария тыңдаулардың нәтижелері және қаржылық есептілік туралы ақпаратты орналастыруға міндетті. 

Ескерту. 124-8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...124‑6 124‑7 124‑8 124‑9 124‑10 ...324
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться