< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

Ст. 134 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
134-бап. Мемлекеттік бақылау

1. Бақылау және қадағалау органының бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – бақылау) болып табылады. 

2. Бақылау iшкi және сыртқы болып бөлiнедi. 

3. Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалады. 

4. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағында және 143-бабының 3-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау бойынша жүзеге асыратын бақылау сыртқы бақылау болып табылады. 

Сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi осы Кодекстің 13-тарауының 137-бабында және 2-параграфында айқындалады. 

Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап қою арыздарына бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады. 

Ескерту. 134-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...132 133 134 135 136 ...324
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?



Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим



Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?



Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться