< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

Ст. 169-1 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
169-1-бап. Тауарларды сатып алу мен сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу кезінде бәсекелестікті қорғау туралы талаптар

1. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылардың, сатып алу мен сауда-саттық операторларының сатып алудың өнім берушілері мен сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіруіне, егер бұл әрекет бәсекелестікті болғызбауға, шектеуге немесе жоюға алып келсе немесе алып келуі мүмкін болса, тыйым салынады. 

2. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылар деп: 

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер; 

2) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар; 

3) пайдалы қазбалардың ірі кен орындарында өндіруді жүргізетін және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар; 

4) шағын қуатты табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, тарифі тарифтік реттеудің шығындық әдісі қолданыла отырып бекітілген және тауарларды Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілері түсініледі. 

3. Сатып алу мен сауда-саттық операторлары деп өз мұқтажы және (немесе) өздерімен бір тұлғалар тобына кіретін нарық субъектілерінің мұқтажы үшін өз мүлкін өткізу және (немесе) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу үшін сауда жүйелерін немесе ақпараттық жүйелерді, тауар биржаларын және өзге сауда алаңдарын пайдалана отырып, сатып алу мен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, сауда жүйелерін немесе ақпараттық жүйелерді, тауар биржаларын және өзге сауда алаңдарын пайдалана отырып, сатып алу мен сауда-саттықты тікелей жүргізу арқылы оларды ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын тұлғалар түсініледі. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сатып алу мен сауда-саттық операторларына: 

1) мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар; 

2) нарық субъектілері арасында, мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік мекемелер және нарық субъектілері арасында тауарларды сату шарттары жасалатын тауар биржалары және өзге де сауда алаңдары мен жүйелері жатады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылар, электрондық нысанда өткізілетін сатып алуды және осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға және (немесе) уәкілетті ұйымдарға өткізілген сатып алу туралы ақпаратты беретін жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, монополияға қарсы органға: 

1) жыл сайынғы сатып алу жоспарын тиісті интернет-ресурста орналастыру жағдайын қоспағанда, оны бекітілген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей; 

2) өткізілген сатып алу туралы ақпаратты монополияға қарсы орган бекіткен нысан бойынша есептік тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын береді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алу туралы ақпаратты алатын уәкілетті мемлекеттік органдар және (немесе) уәкілетті ұйымдар монополияға қарсы органның талап етуі бойынша тауарларды электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесіне тұрақты қолжетімділікті немесе ол болмаған жағдайда, өткізілген сатып алу туралы ақпаратты монополияға қарсы орган бекіткен нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын беруге міндетті. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Электрондық нысанда өткізілетін сатып алу мен сауда-саттықты қоспағанда, сатып алу мен сауда-саттық операторлары монополияға қарсы органға өткізілген сауда-саттық туралы ақпаратты есептік тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын береді. 

7. Электрондық нысанда өткізілетін сатып алу мен сауда-саттық операторлары монополияға қарсы органның талап етуі бойынша: 

1) тауарларды сатып алу мен сауда-саттықты өткізуге мониторингті нақты уақыт режимінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тауарларды электрондық сатып алудың немесе сауда-саттықтың сауда немесе ақпараттық жүйелеріне, тауар биржаларына немесе өзге де сауда алаңдарына; 

2) сатып алу мен сауда-саттықты жүзеге асыру процесіне қатысты құжаттамаға және өзге де ақпаратқа тұрақты қолжетімділік береді. 

Ескерту. 15-тарау 169-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...168 169 169‑1 170 171 ...324
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться