< ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

Ст. 94 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
94-бап. Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау

1. Жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдау: 

1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін сатып алу; 

2) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру; 

3) екінші деңгейдегі банктер, ұлттық даму институттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғалар арқылы кредит беруді ұйымдастыру; 

4) мемлекеттік және инвестициялық гранттар беру; 

5) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және лизинг қызметін жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және олар жасайтын лизинг мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау; 

5-1) тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен субсидиялау; 

5-2) "жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау; 

6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне микроқаржы ұйымдары беретін микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау; 

6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау; 

6-2) "жасыл" облигациялар, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес шығарылғандар және "Астана" халықаралық қаржы орталығы биржасының тізіміне енгізілгендер бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау; 

7) шығыстарды және (немесе) шығындарды өтеу және (немесе) субсидиялау; 

8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру; 

8-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы лизингіне ішінара кепілдік беру; 

8-2) эмитенттердің облигациялары, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне және "Астана" халықаралық қаржы орталығы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар бойынша ішінара кепілдік беру; 

9) лизинг; 

10) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеке кәсіпкерлікті қаржылық және мүліктік қолдаудың өзге де шараларын беру арқылы жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттік қаржылық қолдау тәртібін, нысандарын, мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика саласын (салаларын), мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды), қаржылық қолдау мөлшерлерін және мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін қажетті басқа да шарттарды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салалардағы уәкілетті органдар бекітеді. 

3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше салалық мемлекеттік органның құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында ұсынылатын мемлекеттік қаржылай және мүліктік қолдау тәртібін, нысандарын, мөлшерін және оларға қолдау көрсетуге қажетті басқа да шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

Ескерту. 94-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...92 93 94 95 96 ...324
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться