Ст. 113 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481
ҚР Су Кодексi
113-бап. Су объектiлерiн ластанудан қорғау
1. Су объектiлерiнiң сапалық жай-күйiн нашарлататын және пайдаланылуын қиындататын заттардың немесе ластаушы нәрселердiң су объектiлерiне тасталуы немесе өзге де тәсiлмен түсуi су объектiлерiнiң ластануы деп танылады. 2. Су объектiлерiн, диффузиялық ластануды (жер бетi мен ауа арқылы ластану) қоса алғанда, ластанудың барлық түрiнен қорғау жүзеге асырылады.
3. Су объектiлерiн ластанудан қорғау мақсатында:
1) су объектiлерiнiң су қорғау белдеулерінде пестицидтерді, тыңайтқыштарды қолдануға тыйым салынады. Су объектiлерiнiң су жинау алаңы мен санитарлық қорғау аймағында дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық iс-шаралар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсiм бойынша жүргiзiледi;
2) радиоактивтi және уытты заттарды су объектiлерiне тастауға және көмуге;
3) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиiмдi тазартуды қамтамасыз етпейтiн өнеркәсiп, тамақ объектiлерiнiң ағынды суларын су объектiлерiне ағызуға;
4) су объектiлерiнде радиоактивтi және уытты заттар бөлiнуi қоса жүретiн технологиялардың ядролық және өзге де түрлерi пайдаланылатын жарылыс жұмыстарын жүргiзуге;
5) су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн техника мен технологиялардың қолданылуына тыйым салынады.
Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей