< Неке және отбасы туралы

Ст. 13 Неке және отбасы туралы


Утратил силу

Неке және отбасы туралы
13-бап. Некеге тұру тәртiбi

1. Некеге тұратын адамдардың тiкелей қатысуымен неке мемлекеттiк азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында қиылады.

Некеге тұруға ниет бiлдiрген адамдардың бiреуi азаматтық хал актiлерiн жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жерi бойынша қиылуы мүмкiн.

Неке қию кезiнде өкiл жiберуге жол берiлмейдi. 2. Некенi қию некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлер азаматтық хал актiлерiн жазу органына арыз берген күннен бастап бiр ай мерзiм өткен соң жүргiзiледi.

Дәлелдi себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттiк тiркеу орны бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органы бiр ай өткенге дейiн неке қиюға, сондай-ақ осы мерзiмдi ұзартуға, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға рұқсат етуi мүмкiн.

Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүктiлiк, бала тууы, бiр тараптың өмiрiне тiкелей қауiп төнуi және басқа да ерекше мән-жайлар) неке өтiнiш берiлген күнi қиылуы мүмкiн. 3. Неке қиюды мемлекеттiк тiркеу азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 4. Азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының некенi тiркеуден бас тартуына некеге тұруға тiлек бiлдiрушi адамдар не олардың бiреуi сотқа шағым жасай алады. 4-тарау. Некенi тоқтату
Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...213
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться