< Неке және отбасы туралы

Ст. 36 Неке және отбасы туралы


Утратил силу

Неке және отбасы туралы
36-бап. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу

1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылардың кез келгенiнiң талап ету бойынша неке кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн де, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы кредит берушiнiң талабын мәлiмдеуi жағдайында да жүргiзiлуi мүмкiн. 2. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi ерлi-зайыптылар арасында олардың келiсiмi бойынша бөлiнуi мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың қалауы бойынша олардың ортақ мүлiктi бөлу туралы келiсiмi нотариат арқылы куәландырылуы мүмкiн. 3. Дау туған жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың сол мүлiктегi үлестерiн анықтау сот тәртiбiмен жүргiзiледi.

Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша ерлi-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлiк берiлуге тиiс екендiгiн анықтайды. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, басқа жұбайға тиiсiнше ақшалай немесе өзге де өтемақы берiлуi мүмкiн. 4. Кәмелетке толмаған балалардың ғана қажеттерiн қанағаттандыру үшiн сатып алынған заттар (киiм-кешек, аяқ киiм, мектеп және спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, балалар кiтапханасы және басқалары) бөлiнуге жатпайды және бала бiрге тұратын жұбайға өтемақысыз берiледi.

Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң есебiнен ерлi-зайыптылар өздерiнiң кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына салған салымдары сол балаларға тиесiлi болып есептеледi және ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлген кезде есепке алынбайды. 5. Ерлi-зайыптылардың неке кезеңiндегi ортақ мүлкiн бөлген жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң бөлiнбеген бөлiгi, сондай-ақ ерлi- зайыптылардың одан кейiнгi неке кезеңiнде тапқан мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгiн құрайды. 6. Некесi бұзылған ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы ерлi- зайыптылар талабына талап-арыз мерзiмi өтуiнiң үш жылдық мерзiмi қолданылады.
Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...213
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться