< ҚР Жер кодексi

Ст. 153 ҚР Жер кодексi 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Жер кодексi
153-бап. Мемлекеттiк жер кадастрының және оны жүргізуге технологиялық байланысты қызметтің мазмұны

1. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргізу мынадай қызмет түрлерін: 

1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды; 

2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алуды; 

3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды; 

4) мыналарды: жер учаскелерiнің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелерi үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерінің есебін; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi ысырапты анықтауды қамтитын жерді мемлекеттік кадастрлық бағалауды; 

5) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда жинақтауды, өңдеуді және жүргізуді; 

6) мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесін жүргізуді; 

7) жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауды және жүргізуді; 

8) жер-кадастрлық кітапты және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуді; 

9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауды және беруді; 

9-1) жер-кадастрлық жоспар әзірлеуді; 

10) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруді; 

11) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауды қамтиды. 

2. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты қызметке: 

1) жергілікті жерде әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгiлеу; 

2) жер пайдалануды қалыптастыру мен ретке келтіру жөнiндегi жобаларды, бүлiнген жердi рекультивациялау жобаларын жасау, жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгiлеу; 

3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшiн жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылық iшiндегi жерге орналастыру жобаларын әзірлеу; 

4) жерді түгендеуді жүргізу жатады. 

Ескерту. 153-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...151 152 153 154 155 ...171
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться