Ст. 154-3 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV
ҚР Бюджет кодексi
154-3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
1. Инвестициялық ұсыныстарға берілетін қорытындылардың негізінде және бюджет комиссияларының қорытындыларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету жүзеге асырылады. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге бөлiнген қаражаттың игерiлу кезеңi бiр жылдан асатын, бiрақ тиiстi бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзiмнен аспайтын мерзiмдi құрауы мүмкiн.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеудi немесе түзетудi қаржыландыру мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен, сондай-ақ бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджеттен тыс өзге де қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады.
Республикалық және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге білікті заңды тұлғалар тартылады.
2-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасы, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме Қазақстан Республикасының заңнамасында, жекеше бастама негізінде іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларында көзделген жағдайларда, осы баптың 1 және 2-тармақтары қолданылмай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленеді.
3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығына сараптамаға жiбередi.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылған жағдайда, оған сараптамаға жiбередi.
4. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалар негiзiнде конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар қалыптастырады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
5. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалар мен келiсулер негiзiнде конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
6. Конкурстық құжаттамаға тиiстi бюджет комиссиясының қарауынсыз мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелердi енгізуге жол берiлмейдi.
7. Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде не жекеше әріптес конкурс талаптарын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды ескере отырып, жүзеге асырады.
8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзуге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жобаны іске асырудың бірінші жылының шығыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына берілетін қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың және тиісті бюджет комиссиясының оң шешімінің негізінде тиісті бюджет жобасына енгізіледі, жобаны іске асырудың кейінгі жылдарының шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қол қойылған және тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде тиісті бюджет жобасына енгізіледі.
10. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ үлгілік жобалардың, үлгілік жобалық шешімдердің және қайталап қолданылатын жобалардың негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
11. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдап отыруды жүзеге асыратын тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына енгізілетін мәліметтердің анықтығы мен негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 30-тарау 154-3-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый день. Не могу найти в Законе права усыновлённого ребёнка на наследство, при кровных наследниках. ?
Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста
В письменной форме должны совершаться сделки:
1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота;
2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении;
3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон.
Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда.
Никто не обязан доказывать свою невиновность.
Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов.
Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.
Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.
Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей