Ст. 91 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы
ҚР Азаматтық кодексi
91-бап. Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру
1. Акционерлiк қоғам шығаратын бағалы қағаздардың түрлерi заң актiлерiнде белгiленедi. 2. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және оларды орналастыру Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес айқындалады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Акционерлік қоғам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етілген облигациялар және қамтамасыз етілмеген облигациялар шығаруға құқылы. Акционерлiк қоғам купондық және дисконттық облигациялар шығаруға құқылы. Облигациялар шығарудың шарттары мен тәртiбi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен белгiленедi.
4. Бағалы қағаздар бойынша табысты төлеудiң нысаны, тәсiлi және тәртiбi акционерлiк қоғамның жарғысымен немесе бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiмен заң актiлерiнде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып белгiленедi.
5. Акционерлiк қоғам қоғамның мынадай акциялары бойынша:
1) өз капиталының терiс мөлшерi кезiнде немесе, егер қоғамның өз капиталының мөлшерi дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде терiс болса;
2) егер ол Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сай келсе не көрсетілген белгiлер қоғамда дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде пайда болса, дивидендтер төлеуге құқылы емес.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен акционерлiк қоғамдарға акциялар бойынша дивидендтер төлеуге тыйым салатын өзге де негiздер көзделуi мүмкiн.
6. Акционерлiк қоғам заңдарда белгiленген тәртiппен туынды бағалы қағаздар, опциондар мен айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруға құқылы.
Ескерту. 91-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.07.10. № 282 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.05.16. № 416, 2006.02.20. № 127(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я нахожусь в декретном отпуске 1,5 года, компания просит, чтобы я уволилась в связи с ликвидацией компании, уведомление о ликвидации компании выставили 17 марта, прислали на почту 20 марта, в уведомлении ссылаются на статью 52 1 пункт, а про компенсацию ничего не написали, подскажите пожалуйста, какую компенсацию они мне должны выплатить и могу ли я подписывать такой документ?
Здравствуйте!
В магазине отказались принимать наличные деньги(тенге). Кассир заявил, что принимают оплату толька картой или кьюар. Законно ли деиствие магазина?
Мужа задержали,так как он не являлся на отметку в органы пробации, до этого был освобождён по статье УК 44рк
На данный момент 30го числа будет суд и время его провождения под стражей 26 дней, суд будет о замене ??его наказания но при этом учитываются статьи 476,477,480 что можно сделать, так как в положении и до родов не далеко осталось, у него ещё есть не совершенно летняя дочь,
При рассмотрении суда могут ли ему дать условный срок отбытия наказания ?
В административном кодексе закон обратной силы не имеет, то есть вы не сможете восстановить водительское удостоверение, так как совершили правонарушение в момент действия закона в то время и изменить решение суда не получится по истечению установленных сроков
В данном законе в статье 26 указано, что действие статей 18-24 настоящего Закона распространяется на жертв политических репрессий, реабилитированных до вступления настоящего Закона в силу, то есть в связи с принятием данного закона, они распространяются на реабилитированных до и после принятия закона.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей