Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1037 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.04.2026

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1037-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын құқыққа сыйымсыз пайдалануға байланысты әрекеттер үшін жауаптылық

1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының иесіне оның шеккен залалдарын өтеуге міндетті. 

2. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын не оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. 

3. Географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердiң атауы не оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілемелер құқық иеленушінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы, жарнама, анықтамалықтар, шоттар контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған сайман, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан алып қойылуға және бұзушының есебінен жойылуға жатады. 

4. Құқық иеленуші осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда, контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларынан заңсыз орналастырылған географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын не оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді алып тастауды талап етуге құқылы. 

5. Жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындаумен немесе қызметтерді көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайшалардан географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын не оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді алып тастауға міндетті. 

6. Құқық иеленуші құқық бұзу фактісі дәлелденген кезде залалдарды өтеудің орнына бұзушыдан сот бұзушылықтың сипатын, географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердiң атауы не оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілемелер құқық иеленушінің келісімімен орналастырылған біртектес (түпнұсқа) тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып айқындайтын мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуге құқылы. 

7. "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, құқық иеленушінің тауар өндірілетін географиялық объектінің шекараларына және белгіленуі үшін географиялық нұсқама және тауар шығарылған жердің атауы пайдаланылатын тауардың ерекше қасиеттеріне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті органдардың лауазымды адамдарының олар туралы көрінеу жалған мәліметтер беруі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді. 

6 бөлiм
Мұрагерлік құқық
57-тарау. Мұрагерлік туралы жалпы ережелер

Статья 406 ...1035 1036 1037 1038 1039 ...1124

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе!403 бап күшін қай жылдан,қай айдан бастап алынып тасталды?


Қайырлы күн, медициналық клиникада зиянды заттармен яғни соның ішінде қанмен зәрмен,үлкен дәретпен жұмыс істегені үшін қосымша өтемақы төлеуге мәндетті ме клиника?


Здравствуйте! Прошу дать разъяснение по статье 47 ТК РК. Наше предприятие (ГКП на ПХВ) находится в процессе реорганизации. Согласно Постановлению акимата, на этот период мы переданы "на содержание" в другую организацию (ГККП Дирекция). Бухгалтерия ГККП, ссылаясь на статус "на содержании", выплачивает нам только "голые" оклады, отменив все надбавки и доплаты, которые были прописаны в наших действующих трудовых договорах. Доп. соглашений мы не подписывали. Вопрос: Правомерны ли действия бухгалтерии? Обязаны ли нам сохранять все условия оплаты труда в полном объеме на основании ст. 47 ТК РК?


Покупатель заключил договор купли продажи, заплатил но при осмотре объекта продажи отказался от покупки и потребовал расторгнуть договор, в этом случае возвращается ли сумма продажи Покупателю



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться