Ст. 1113 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1113-бап. Тараптардың келiсiмi болмаған кезде шартқа қолданылатын құқық
1. Шарт тараптарының қолдануға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған кезде ол шартқа: 1) сатып алу-сату шартында - сатушы;
2) сыйға тарту шартында - сыйға тартушы;
3) мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартында - жалға беруші немесе жалдауға берушi;
4) мүлiктi тегiн пайдалану шартында - несие берушi;
5) мердiгерлiк шартында - мердiгер;
6) тасымалдау шартында - тасымалдаушы;
7) көлiк экспедициясы шартында - экспедитор;
8) қарыз немесе өзге де кредит шартында - кредит берушi;
9) тапсырма шартында - сенiм бiлдiрiлген адам;
10) комиссияның шартында - комиссионер;
11) сақтау шартында - сақтаушы;
12) сақтандыру шартында - сақтандырушы;
13) тапсырма беру шартында - тапсырма берушi;
14) кепiлге салу шартында - кепiлге салушы;
15) айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шартта - лицензиар болып табылатын тараптар құрылған, тұратын жерi немесе негiзгi қызмет орны бар елдiң құқығы қолданылады.
2. Нысанасы қозғалмайтын зат болып табылатын шарт бойынша, сондай-ақ мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт бойынша құқықтар мен мiндеттемелерге сол мүлiк тұрған елдiң құқығы, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мүлiкке қатысты - Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
3. Шарт тараптарының қолданылуға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған жағдайда осы баптың 1-тармағындағы ережелерге қарамастан:
1) бiрлескен қызмет және құрылыс мердiгерлiгi туралы шартқа мұндай қызмет жүзеге асырылатын немесе шартта көзделген нәтижелер жасалатын елдiң құқығы;
2) конкурстық сауда-саттықтың (тендердiң, аукционның) қорытындылары бойынша немесе биржада жасалған шартқа - конкурстық сауда-саттық өткiзiлген немесе биржа орналасқан елдiң құқығы қолданылады.
4. Осы баптың 1-3-тармақтарында атап келтiрiлген шарттарға, тараптардың қолданылуға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған кезде, мұндай шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар, орындауды жүзеге асыратын тараптар құрылған, тұрғылықты жерi немесе негiзгi қызмет орны болған елдiң құқығы қолданылады. Шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар орындауды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда шарт мейлiнше тығыз байланысты елдiң құқығы қолданылады.
5. Шарт бойынша орындауды қабылдауға қатысты, тараптар өзгеше келiспегендiктен, осындай қабылдау өткiзетiн орынның құқығы ескерiледi.
6. Егер шартта халықаралық айналымда қабылданған сауда терминдерi пайдаланылса, шартта өзге нұсқаулар болмаған жағдайда оларды iскерлiк айналымның тиiстi сауда терминдерiне қатысты қолданылып жүрген ғұрыптар жөнiндегi қатынастарына қолдануға тараптар келiскен деп есептеледi.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Как можно обжаловать решения судьи по адм нарушение. По канабису. Результаты анализа мед тестов спасибо заранее
Здравствуйте! помогите Как перейти с СНР для субъектов малого бизнеса на основе упрощенной деклорации на СНР с использованием СМП
С 2015 года для субъектов малого бизнеса тоо пЕчать было пО желанию,если тоо открыто 2010 году,может ли гос орган требовать договоре аренды пЕчать
Төтенше жағдай кезінде 471 бап 2 тармағынан уәкілетті орган уақытылы отчет тапсырмаған осы бағытта заң қарастырылған ба
Случился конфликт с главным бухгалтером предприятия, он пользуясь авторитетом убедил руководителя расторгнуть со мной трудовой договор. моего заявления как Приказа на увольнение ещё нет,а он приедставил коллектву нвого руководителя офрмил на него ЭЦП. Меня вынуждают уволиться по собственному желанию создав нетерпимую атмосферу в коллективе и обещая проблемы в последующем (устно). терять работу нет желания но и работать в таких условиях не представляется возможным. Подскажите как поступить в данной ситуации?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей