Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 740 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
740-бап. Банктегі ақшаға билік етуді шектеу

1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың банктік шоттардағы ақшаcына тек қана сот актілері негізінде соттар және сот орындаушыларының прокурор санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым салуы мүмкін. 

Клиенттің банктік шоттарындағы ақшасына сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен мүлікке билік етуге уақытша шектеу не мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеу белгілеуі мүмкін. 

Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, мыналарға:  

1) мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға және (немесе) электрондық ақшаның электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаға; 

2) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға; 

2-1) тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға; 

2-2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға; 

2-3) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаға; 

3) нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаға; 

4) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға; 

5) банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражатына; 

5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға; 

5-2) номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға; 

5-3) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға; 

6) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына; 

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға; 

8) жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға; 

8-1) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға; 

8-2) өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған азаматтың банктік шоттарындағы ақшаға; 

9) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді. 

Осы тармақтың үшінші бөлігі 7) тармақшасының ережесі мемлекеттік кіріс органдары, сондай-ақ сот актілерінің негізінде соттар және сот орындаушыларының прокурор санкциялаған қаулылары негізінде сот орындаушылары қоятын, осы Кодекстің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бірінші, екінші және үшінші кезектерге жататын талаптар бар шектеулерге қолданылмайды. 

Осы тармақтың үшінші бөлігінің 8) тармақшасының ережесі атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган, оның аумақтық органдары лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру бойынша қоятын шектеулерге қолданылмайды. 

2. Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшасына тыйым салу мерзімі тиісті істерді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген мерзімдерден аспауға тиіс.  

3. Клиенттің банктік шоттардағы ақшасына тыйым салу туралы актілерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін. 

4. Клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүргізіледі.  

5. Алып тасталды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6. Клиенттің банктік шотына берілген тыйым салу туралы актілер, уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері келіп түскен күні мен уақыты ескеріліп орындалады. 

Клиенттің банктік шотындағы ақшасын ол жеткіліксіз болған жағдайда және (немесе) ақшаға билік етуге шектеу болған кезде алып қою осы баптың 8-тармағы ескеріле отырып және осы Кодекстің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес жүргізіледі. 

7. Алып тасталды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8. Банктегі ақшаға билік етуді шектеу осы Кодекстің 742-бабының 2-тармағында көзделген кезектілікке сәйкес бір кезекке және (немесе) одан жоғары тұрған кезекке жататын талаптар бойынша ақшаны алып қоюға қолданылмайды. 

Ескерту. 740-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.11. № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 406 ...738‑2 739 740 741 742 ...1124

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться