Ст. 765 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
765-бап. Банк салымдарын қайтару
1. Банк салымды немесе оның бiр бөлiгiн салымшының алғашқы талап етуi бойынша:
1) талап етiлмелi салымдар бойынша - салымшы талаптарының келiп түсуi бойынша;
2) мерзiмдi салымдар және жинақ салымдары бойынша - банк салымы шартында көзделген мерзiмнiң басталуы бойынша;
3) шартты салымдар бойынша - банк салымы шарты басталуымен салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар болған кезде беруге мiндеттi.
2. Салымшының мерзiмдi салымды мерзiмiнен бұрын ішінара және (немесе) толық қайтарып алуға құқығы бар.
Салымшының жинақ салымын мерзімінен бұрын толық қайтарып алуға құқығы бар.
2-1. Банк мерзімді немесе шартты салымды немесе оның бір бөлігін салымшының талабы келіп түскен кезден бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей беруге міндетті.
Банк жинақ салымын салымшының талабы келіп түскен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен ерте емес беруге міндетті.
3. Шартты салымдар бойынша салымшының банк салымы шарты салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар басталғанға дейiн салымды қайтарып алуға құқығы бар. Бұл ретте банк салымды немесе оның бiр бөлiгiн осы баптың 2-1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзiмде беруге мiндеттi.
4. Салымшының мерзiмдi салымды мерзiмiнен бұрын алу құқығынан бас тартуы туралы банктік салым шартының, сондай-ақ шартты салымның ережесi, көзделген талаптар басталғанға дейiн маңызсыз болып табылады.
5. Шетел валютасымен енгiзiлген салым, егер заң актiлерiнде, банк салымы шартында немесе тараптардың қосымша келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, нақ сондай валютамен қайтарылуға тиiс.
6. Банк салымшының салымды немесе оның бiр бөлiгiн қайтару туралы талабын осы баптың 2-1-тармағында көзделген мерзiмде орындамаған жағдайда сыйақыны төлеу банк салымы шартында көзделген талаптарда жалғастырылады.
6-1. Осы баптың қағидалары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайтарылуын қоспағанда, кепіл нысанасы болып табылатын салымдарға, қайтарылуы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарымен шектелген салымдарға, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған салымдарға қолданылмайды.
7. Банктік салымды беру:
1) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген;
2) банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру режимі немесе банкті реттеу режимі кезеңінде не банкті лицензиясынан айыру кезінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.
Ескерту. 765-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2000.03.29 № 42, 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 № 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.09.2025 № 219-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2026 № 259-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 763-бап. Үшiншi тұлғалардың салымға ақша енгiзуi ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 762-бап. Салымдарды енгiзу ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 767-бап. Банк салымы бойынша жасалған операциялар үшiн банк көрсеткен қызметтерге ақы төлеу ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 761-бап. Банк салымы шарты бойынша сыйақы төлеудiң тәртiбi ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 769-бап. Затты сақтауға қабылдау туралы шартРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей