Ст. 800 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
800-бап. Қос қойма куәлiгiн ұстаушының тауарға құқықтары
1. Қос қойма куәлiгiн ұстаушының қоймада сақтаулы тауарға толық көлемде билiк етуге құқығы бар. 2. Кепiл куәлiгiнен бөлiп алынған қойма куәлiгiн ұстаушы тауарға билiк етуге құқылы, бiрақ оны кепiл куәлiгi бойынша берiлген кредиттi өтегенге дейiн қоймадан ала алмайды. Қойма куәлiгiн ұстаушы тапсыру жазбаларын (индоссамент) жасау және құжаттың өзiн беру жолымен, бiрақ тауардың орнын ауыстырмай, қоймаға қойылған тауарға меншiк құқығын басқаға беруді жүзеге асыра алады.
3. Кепiл куәлiгi бөлiп алынбаған қойма куәлiгiн индоссамент бойынша алған сатып алушы кепiлден бос қойма тауарының иесiне айналады. Кепiл куәлiгiнсiз қойма куәлiгін алу кезiнде тауарға меншiк құқығы кепiл құқығымен жүктемеленген болып ұйғарылады. Кепiл талаптары туралы (тауарға кепiлдiк құқығын белгiлеудiң сомасы мен мерзiмi туралы) мәлiметтердi, мүдделi тұлғалар айқын көре алатын қойма тiзiлiмiнен алуға болады.
4. Кепiл куәлiгiн ұстаушының осы куәлiк бойынша берiлген қарыздың және сол бойынша сыйақының мөлшерiнде тауарға кепiл құқығы болады. Тауарға кепiл құқығын белгілеу кезiнде бұл туралы қойма куәлiгiне белгi жасалады.
5. Сатып алушы немесе сатушы кепiлмен қамтамасыз ететiн тиiстi соманы кепiл ұстаушыға (кредиторға) немесе тауар қоймасына енгiзе отырып, тауарды кепiлден босата алады, оны тауар қоймасы кепiл куәлiгiн заңды ұстаушыға беруге мiндеттi.
6. Кепiл куәлiгiн ұстаушы оның кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптарын мерзiмiнде қанағаттандырмаған жағдайда заң заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен оған кепiл куәлiгi бойынша берiлген тауарды сатуға және кепiл берушiнiң басқа да кредит берушiлерi алдындағы өз талаптарын артықшылықпен жабуға құқылы. Сатудан түскен сома жетпеген жағдайда кепiл куәлiгiн ұстаушы оның алынбаған бөлiгiн кепiл куәлiгiмен қамтамасыз етілген талаптарға ақы төлеу жөнінде бірге жауапты болатын барлық индоссанттардан өндiрiп алуы мүмкiн.
Ескерту. 800-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. № 225 Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 701-бап. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелердiң бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 848-бап. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң мiндеттерi ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 92-бап. Аудармашыға және маманға қарсылық бiлдiру Гражданский процессуальный кодекс РК Статья 47. Стороны Гражданский процессуальный кодекс РК Статья 37. Недопустимость повторного участия судьи в рассмотрении и разрешении делаРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей