Ст. 829 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
829-бап. Сақтандыру жағдайынан туындайтын залалдарды азайтуға бағытталған шығындардың орнын толтыру
1. Мүлiктiк сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде, болуы мүмкiн залалдарды болдырмау немесе азайту үшiн сақтанушы (сақтандырылған адам) қалыптасқан жағдайларда қисынды және қолдан келетiн шаралар, оның iшiнде сақтандырылған мүлікті құтқару және сақтау шараларын қолдануға мiндеттi. Сақтанушы (сақтандырылған адам) осындай шаралар қолдана отырып, егер олар сақтанушыға (сақтандырылған адамға)хабарланған болса, сақтандырушының нұсқауларын ұстануға тиiс.
2. Залалдарды болдырмау немесе азайту мақсатында сақтанушы (сақтандырылған адам) шеккен шығындар, егер мұндай шығындар қажет болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жүргiзiлген жағдайда, тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.
Мұндай шығындар нақты мөлшерде өтеледi, алайда сақтандыру төлемiнiң және шығындар өтемiнiң жалпы сомасы сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауы тиiс. Егер шығындар сақтанушының (сақтандырылған адамның) сақтандырушы нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерде өтеледi.
3. Болуы мүмкiн залалдарды азайту үшiн сақтанушының (сақтандырылған адамның) қисынды және қолдан келетiн шараларды қасақана қолданбауы салдарынан туындаған залалдар бөлiгiнде сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.
Ескерту. 829-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2000.12.18. № 128 , 2003.07.01. № 445 Заңдарымен.
Лучшие юристы





В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей