Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 843 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
843-бап. Сақтандыру шартының жарамсыздығы

1. Мәмiлелер жарамсыздығының осы Кодексте көзделген жалпы негiздерiнен басқа, сақтандыру шарты, егер:  

1) соттың заңды күшіне енген тиісті шешімі негізінде тәркілеуге жататын мүлік не қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық құқық бұзушылық нысанасы болып табылатын мүлік сақтандыру объектісі болып табылса; 

2) сақтандыру жағдайы ретiнде осы Кодекстiң 817-бабының 3-тармағында көзделген белгiлерден айырылған оқиға көзделсе;  

3) шарт талаптары сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыру мүмкіндігін болғызбаса;  

4) сақтанушы шарт жасасу кезiнде құқыққа сыйымсыз, оның iшiнде сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін шарт жасасу арқылы пайда табуды көрінеу мақсат еткен болса; 

5) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру мүддесі болмаса; 

6) тараптар арасында шарттың осы Кодекстің 826-бабының 1-тармағында көзделген елеулі талаптары туралы келісім болмаса, жарамсыз деп танылады. 

2. Сақтандыру шарты мына жағдайларда: 

1) егер құқыққа қайшы мүліктік мүдделер сақтандыру (қайта сақтандыру) объектiсi болса (осы Кодекстің 807-бабының 2-тармағы, 824-бабы 1-тармағының үшінші бөлігі); 

2) сақтандырылған адамның келiсiмiн алу мiндеттi болып табылатын жағдайларда оның келiсiмi болмаса; 

3) шарттың жазбаша нысаны сақталмаса (осы Кодекстің 825-бабының 3-тармағы); 

4) сақтандыру (қайта сақтандыру) объектісі болмаса, маңызсыз болады. 

3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандырудың жекелеген түрлерiне қатысты шартты жарамсыз деп танудың өзге де негiздерi көзделуi мүмкiн. 

Ескерту. 843-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 406 ...841 842 843 844 845 ...1124

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться