Ст. 883 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
883-бап. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару ұғымы және оның пайда болу негiздерi
1. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды белгiлеу кезiнде сенiмгер басқарушы, егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, өзiнiң иеленуiне, пайдалануына және билiк етуiне берiлген мүлiктi пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi. 2. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару:
1) мәмiле (атап айтқанда, шарт бойынша, өсиеттi орындаушы (сенімгерлікпен басқарушы) тағайындалған өсиет бойынша);
2) сот актiсi (банкроттық немесе оңалту рәсiмдерiнде банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған, әрекетке қабiлетсiз, хабарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкiне қорғаншылық белгiленген кезде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да жағдайларда);
3) әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкiне қорғаншылық белгiлеген; кәсiпкер мемлекеттiк қызметке кiрген кезде және заң актiлерiнде көзделген басқа жағдайларда) негiзiнде пайда болады (белгiленедi).
3. Банк қызметін жүзеге асыру кезінде мүлікті сенімгерлікпен басқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленеді.
4. Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, концессиялар туралы заңнамалық актiлерiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленедi.
Ескерту. 883-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 225, 2009.02.12 № 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Здравствуйте ! Можно ли отозвать работника из очередного оплачиваемого отпуска день в день?
Здравствуйте, можно ли в одном свидетельстве о наследстве указать все виды имущества: квартиры, машины, счета? Или на каждое имущество обязательно должно быть отдельное свидетельство?
Добрый день, на основе ст 87 ТК РК и п 6.: отпуск на постановку на медицинский учет по беременности до двенадцати недель в количестве не менее трех рабочих дней, могу ли я запросить отпуск после 12 недель, чтобы пройти обследование у узких специалистов, требующих свое заключение на постановку на учет по беременности? И могу ли оформить социальный отпуск раздельно по 1 дню в дни записи к врачам?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей