Ст. 892 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
892-бап. Акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқару
1. Сенiмгер басқарушының сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген және (немесе) сенiп тапсырылған мүлiктiң есебiнен не сенiп тапсырылған мүлiктi пайдаланудан түскен кiрiстiң есебiнен сатып алынған акциялармен және өзге де бағалы қағаздармен операциялар жасауды жүзеге асыруға құқығы бар. 2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды сенiмгерлiк басқарушы туралы мәлiметтер бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ашқан сенiмгерлiк басқару құрылтайшысының (мүлік меншік иесінің немесе мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге уәкілеттік берілген құзыретті органның) шоты бойынша көрсетiлуге жатады.
3. Егер мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды құру туралы актiде өзгеше көзделмесе, сенiмдер басқарушы өзiне сенiп тапсырылған акцияларды (акцияны) басқару кезiнде:
1) акционерлік қоғамды басқаруға қатысады;
2) акцияларға тиесілі дивидендтер алады және оларды пайда алушыға бередi;
3) акционерлiк қоғам таратылған жағдайда акцияға тиесiлi мүлiктi алады және оны шартқа сәйкес пайда алушыға немесе құрылтайшыға бередi;
4) акцияларды иелiктен айыруды және кепiлдiктi қоса алғанда, олармен өзге де операцияларды жүзеге асырады.
3-1. Сенiмгерлiк басқаруға берілген акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға меншік құқығының ауысуы, егер акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару шартында және (немесе) иеліктен шығару шартында өзгеше көзделмесе, осы бағалы қағаздарды сенімгерлік басқаруды тоқтатады.
Акциялар мен бағалы қағаздарға меншік құқығы ауысқан жағдайда, акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару құрылтайшысына қатысты белгіленген осы тараудың талаптары сенімгерлік басқарудағы акциялардың және өзге де бағалы қағаздардың жаңа меншік иесіне қолданылады.
4. Бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқарудың ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Ескерту. 892-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2003.05.16. № 416 Заңымен; 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей