Ст. 916 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
916-бап. Аукцион
1. Аукцион нысанындағы саудаластық кезiнде сатушы аукционның затын ол үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынатын аукционға қатысушыға сатуға мiндеттенедi. 2. Аукцион сатушы жариялаған бағаны арттыру немесе кемiту талаптарымен өткiзiлуi мүмкiн.
3. Бағаны төмендетумен өткiзiлетiн аукцион шарттарында заттың сатылуы мүмкiн болатын ең төмен баға көзделуi мүмкiн.
4. Азаматтық айналымнан шығарылмаған кез келген қозғалатын немесе қозғалмайтын мүлiк, оның iшiнде интеллектуалдық меншiк объектiлерi, импорттық, экспорттық және өзге де квоталар мен лицензияларды қоса алғанда, шарттар мен мүлiктiк құқықтар аукционның нысанасы болуы мүмкiн.
5. Аукционға қатысу туралы ұсыныстар аукцион заты, оның өтетiн орны мен уақыты туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.
6. Аукционға қатысуға тiлек бiлдiрген тұлғалар, егер оны өткiзудiң шарттарында өзгеше белгiленбесе, аукцион басталғанға дейiн аукционға қатысуға өтiнiш беруге және кепiлдiк жарнаның белгiленген сомасын енгiзуге тиiс.
7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер аукционға кемiнде екi қатысушы (сатып алушы) қатысса, ол өтуі мүмкін.
8. Егер аукционның затын оған қатысушылардың бiрде-бiрiнiң сатып алғысы келмесе, бастапқы баға төмендетiлуi немесе аукционның заты осы аукционнан алып тасталуы мүмкiн.
9. Егер аукцион шарттарында өзгеше белгiленбесе, ең жоғары баға ұсынған аукционға қатысушымен оған аукционның затын сату туралы шарт жасалады.
10. Егер сатып алушы осы баптың 9-тармағында көзделген шартты жасасудан бас тартса, ол аукционға қатысушылардың қатарынан шығарылады, оған кепiлдiк жарна қайтарылмайды, ал сатып алушы сатып алудан бас тартқан аукционның заты қайтадан саудаластыққа қойылуы мүмкiн.
11. Аукционға қатысқан, бiрақ онда ештеңе сатып алмаған тұлғаларға кепiлдiк жарнаның сомасы қайтарылады.
Аукционның қандай да болсын затын сатып алған тұлғаға кепiлдiк жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының есебiне есептеледi.
Ескерту. 916-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
47-тарау. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер
Параграф 1. Жалпы ережелер
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей