Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 945 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 03.11.2024

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
945-бап. Заңды тұлға тоқтатылған ретте зиянды өтеу

1. Өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты болып танылған заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда тиiстi төлемдердi төлеу жөнiндегi мiндетiн оның құқықтық мирасқоры алады. Оған зиянды өтеу жөнiнде талаптар қойылады.  

2. Өмір мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн белгіленген тәртiппен жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда тиiстi төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен оларды жәбiрленушiге төлеу үшiн капиталдандырылуы тиіс.  

3. Таратылатын заңды тұлғада мүлiктiң болмауы немесе жеткiлiксiз болуы себептi төлемдердi капиталдандыруды жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайларда тағайындалған сомаларды жәбiрленушiге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекет төлейдi. 

4. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың өтеуі жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек жүзеге асырылады, олардың мөлшерлері инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылады. 

Ескерту. 945-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.30 № 424-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2023 № 49-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 406 ...943 944 945 946 947 ...1124

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.



Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?


ҚР Еңбек кодексі 126-2-бап бойынша өзгеде кепілдіктері беріледі деген. Сол өзгеде кепілдіктерді толық қайдан қарауға болады?


Туған ағама бүйрек беріп донор болдым, инволидность боладыма, больничный қалай төленеді?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться