Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 982 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
982-бап. Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi

1. Авторлық құқық автордың бүкiл өмiрi бойына және ол қайтыс болғаннан кейiн, автор қайтыс болғаннан кейiнгі келесi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде, жетпiс жыл бойы күшiнде болады.  

2. Бiрлесiп шығарылған туындыға авторлық құқық серiктес авторлардың бүкiл өмiрi бойына және басқа да серiктес авторлардың ең соңғысы қайтыс болғаннан кейін жетпiс жыл бойы күшінде болады.  

3. Бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде жетпiс жыл бойы күшiнде болады.  

Егер көрсетiлген мерзім iшiнде жасырын немесе бүркеншiк ат ашылса, осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiм қолданылады.  

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мерзiм iшiнде авторлық құқық автордың мұрагерлерiне тиесiлi болады және мұрагерлiк бойынша ауысады, автормен, оның мұрагерлерiмен және одан кейiнгi құқықтық мирасқорларымен шарт бойынша құқық алған құқықтық мирасқорларына тиесiлi болады.  

5. Автор қайтыс болғаннан кейін отыз жылдың ішінде алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiнгi жетпіс жыл бойы күшiнде болады.  

6. Авторлық, автордың есiмi және туындыға қол сұқпаушылық мерзiмсiз қорғалады.  

Ескерту. 982-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. № 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 406 ...980 981 982 983 984 ...1124

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?


Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;


если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?


8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться