Ст. 104 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
104-бап. Талап қою бағасы
1. Талап қою бағасы: 1) ақшаны өндіріп алу туралы талап қоюларда – өндіріп алу талап етілген сомамен;
2) абыройын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моралдық зиянды өтеуді ақшалай мәнде өндіріп алу туралы талап қоюларда – өндіріп алу талап етілген сомамен;
3) іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалдар сомасын өндіріп алу туралы талап қоюларда – өндіріп алу талап етілген сомамен;
4) ортақ немесе үлестік меншік болып табылатын мүлікті бөлу туралы, ортақ меншік болып табылатын мүліктегі үлесті айқындау не бөлу туралы талап қоюларда – талап қою берілген кезде мүліктің орналасқан жерінде қалыптасқан нарықтық бағалар бойынша айқындалатын талап етілетін мүліктің құнымен;
5) алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюларда – бір жыл ішіндегі төлемдердің жиынтығымен;
6) мерзімді жедел төлемдер мен оларды беру туралы талап қоюларда – барлық төлемдер мен берулердің, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен;
7) мерзімсіз немесе өмір бойы төлемдер мен берулер туралы талап қоюларда – төлемдер мен берулердің, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен;
8) төлемдерді немесе берулерді азайту немесе көбейту туралы талап қоюларда – арыз беруші азайтуға немесе көбейтуге үміт артатын, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімдегі жалпы сомамен;
9) төлемдер мен берулерді тоқтату туралы талап қоюларда – қалған төлемдердің немесе берулердің, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен;
10) тұрғынжайды жалдауды қоспағанда, мүліктік жалдау (жалға алу) шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы талап қоюларда – шарттың (келісімшарттың) қолданысының қалған мерзімінде мүлікті пайдаланғаны үшін төлемдердің, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімдегі жиынтығымен;
11) жылжымайтын мүлік объектілеріне меншік құқығы туралы талап қоюларда – осындай объектілердің талап қою берілген күні орналасқан жерлеріндегі нарықтық құнымен;
12) жылжымайтын немесе жылжымалы мүлікті бөтеннің заңсыз иеленуінен талап ету туралы талап қоюларда – ізделінетін мүліктің нарықтық құнымен, бірақ азамат жасасқан сақтандыру шарты бойынша бағалануынан төмен емес және сотқа талап қою берілген күнінде заңды тұлғаға тиесілі мүліктің теңгерімдік құнынан төмен емес нарықтық құнымен;
13) жылжымайтын және жылжитын мүлікті cатып алу-сату, кепіл, сыйға тарту шарттарын, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 157-1-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен мәмілелер бойынша барлық алынған мүлікті кейіннен қайтаруға байланысты өзге де шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюларда – мүліктің сотқа талап қою берілген күнгі нарықтық құнымен айқындалады. Кепіл туралы шартқа дау айту кезінде талап қою бағасы шартта көрсетілген мүлік құнынан аспауға тиіс;
14) бірнеше дербес талаптардан тұратын талап қоюларда – барлық талаптардың жалпы сомасымен айқындалады.
2. Талап қою бағасын талап қоюшы көрсетеді. Көрсетілген баға ізделінетін мүліктің нақты құнының бағасына анық сәйкес келмеген жағдайда талап қою бағасын судья айқындайды.
Ескерту. 104-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Азаматтық процестік кодексі 274-бап. Іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері ҚР Азаматтық процестік кодексі 101-бап. Жазбаша дәлелдемелерді қайтару ҚР Азаматтық процестік кодексі 324-бап. Арыздың мазмұны ҚР Азаматтық процестік кодексі 78-бап. Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар ҚР Азаматтық процестік кодексі 368-бап. Арыз беруРекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 102-бап. Сот шығыстарының ұғымы мен құрамы ҚР Азаматтық процестік кодексі 106-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру ҚР Азаматтық процестік кодексі ҚР Азаматтық процестік кодексі 107-бап. Мемлекеттік бажды қайтару ҚР Азаматтық процестік кодексі 108-бап. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей