Ст. 109 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
109-бап. Сот шығыстарын тараптардың арасында бөлу
1. Сот, өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығыстарын басқа тараптан алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығыстар талап қоюшыға – талап қою талаптарының сот қанағаттандырған мөлшеріне пропорционалды, ал жауапкерге талап қоюшының талап қою талаптарынан бас тартылған бөлікке пропорционалды түрде алып беріледі. 2. Егер іске қатысатын адамның заңда немесе шартта көзделген дауды реттеудің наразылық немесе сотқа дейінге өзге де тәртібін бұзуы, оның ішінде наразылыққа жауап беру мерзімін бұзуы, наразылықты жауапсыз қалдыруы, сондай-ақ заңда белгіленген дауды реттеудің соттан тыс тәртібін бұзуы салдарынан дау туындаса, сот істі қараудың нәтижелеріне қарамастан, сот шығыстарын осы тұлғаға жүктейді.
Сот, процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде дәлелдемелер сот белгілеген мерзімді және дәлелдемелерді дәлелді себептерсіз ұсынудың осы Кодексте белгіленген тәртібін бұза отырып ұсынылған жағдайда, егер бұл сот процесінің созылуына, істі қарауға және заңды әрі негізді сот актісін қабылдауға кедергі келтіруге әкеп соқса, іс бойынша барлық сот шығыстарын жүктеуге құқылы.
3. Егер апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар істі жаңадан қарауға бермей, жасалған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, олар тарап тиісті сот сатыларында жұмсаған шығыстары туралы дәлелдемелерді ұсынған кезінде тиісінше сот шығыстарын бөлуді де өзгертеді.
4. Бірінші сатыдағы сот тараптың арызы бойынша апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда істі қарау барысында жұмсаған сот шығыстарын, егер өтінішхат сот сатыларында істі қарау кезінде талқыланса, бірақ сот шығындары ұсынылған құжаттардың анықтығын тексеру қажеттігіне байланысты өндіріп алынбаған және бұл туралы тиісті сот сатысындағы соттың қаулысында көрсетілсе, өндіріп алу туралы ұйғарым шығарады.
5. Сот шығындарын өндіріп алу туралы арыз тараптарды хабарландыра отырып, соттың сот отырысында қарауына жатады. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған тараптардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды. Арыз соңғы сот актісінің қабылдануымен істі мәні бойынша қарау аяқталған соңғы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде берілуі мүмкін.
6. Сот актісінің көшірмесін сот ол заңды күшіне енген кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей (азаматтың) тіркелу орны немесе көрсетілген қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарына сот өтем жасаған (заңды тұлғаның) сот өкілінің орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.
Ескерту. 109-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Азаматтық процестік кодексі 111-бап. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға сомаларды төлеу ҚР Азаматтық процестік кодексі 113-бап. Өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу ҚР Азаматтық процестік кодексі 105-бап. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу ҚР Азаматтық процестік кодексі ҚР Азаматтық процестік кодексі 108-бап. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей