Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 283 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.03.2023

ҚР Азаматтық процестік кодексі
283-бап. Хаттама жасау

1. Сот отырысының немесе жеке процестік әрекеттің хаттамасын сот отырысының хатшысы жасайды не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жүргізіледі. 

Күрделі істер бойынша қысқаша хаттама мәтінді автоматты түрде тану арқылы алынған аудиожазбаның мәтінін таратып жазумен сүйемелденуі мүмкін. 

2. Хаттама, қысқаша хаттама компьютерлік, машинкада жазу не қолмен жазу тәсілдерімен жасалады.  

3. Іске қатысатын адамдар мен өкілдер хаттаманың қандай да бір бөлігін жария ету туралы, өздері іс үшін елеулі деп есептейтін мән-жайлар жөніндегі мәліметтерді хаттамаға енгізу туралы өтінішхат беруге құқылы. 

4. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал жеке процестік әрекет туралы хаттама ол жасалғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей дайындалуға және оған қол қойылуға тиіс. Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасы сот отырысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей дайындалуға және оған қол қойылуға тиіс. 

5. Хаттамаға төрағалық етуші мен хатшы қол қояды. Барлық өзгерістер, түзетулер, толықтырулар хаттамада ескерілуге және олардың қолы қойылып куәландырылуға тиіс. 

Қысқаша хаттамаға қоса тіркелетін электрондық хаттама және аудио-, бейнежазба, аудиожазба мәтінінің таратып жазылуы хатшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады, оларға қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді. 

6. Алып тасталды - ҚР 10.06.2020 № 342-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7. Егер іске қатысатын адамдар өздерінің ауызша нысанда берген түсіндірмелерін, арыздарын, өтінішхаттарын, қорытындыларын қосымша жазбаша нысанда берсе, сот жазбаша құжаттарды олардың мазмұнын хаттамада оларды толық көрсетпей-ақ іске тіркейді. 

Ескерту. 283-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 342-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...281 282 283 284 285 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! Я попал в аварию,пострадал пассажир. 345 часть 2 возбудили через 3 дня дело закрыли до суда! Решение Адм.штраф!освобожден от уг.ответсвенности !теперь прошло 3 года .не принимают на работу в погран войска.это законно? По СГО вроде могу!


Здравствуйте! Нам отказали в утверждении зем. проекта по вопросу разделения зем.участка по 109ст. Земельного Кодекса РК. Как нам быть?


Здравствуйте! Можно ли принять на работу человека который был уволен по ст.52 п.1 п.п.11 тк рк?


Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?


Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться