Ст. 300 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
300-бап. Талап қоюды қарау
1. Сотқа талап қоюмен жүгiнген азамат немесе заңды тұлға, прокурор, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган (лауазымды адам) сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабардар етіледі. 2. Іс азаматтың немесе заңды тұлға өкілінің, прокурордың, нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган немесе лауазымды адам өкілінің міндетті түрде қатысуымен істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде қаралады.
Сот прокурордың талап қоюын істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап он күн мерзімде прокурордың қатысуымен және наразылықты қабылдамау туралы шешім қабылдаған органның, лауазымды адамның немесе оның өкілінің қатысуымен қарайды.
Көрсетілген тұлғалардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.
3. Сот отырысында сот нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының құзыретін не лауазымды адамның өкілеттігін, бүкіл нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексереді.
4. Нормативтік құқықтық актіні заңға қайшы деп тану туралы талап қоюды қарау кезінде көрсетілген нормативтік құқықтық актіні қабылдауға негіз болған мән-жайларды дәлелдеу міндеті нормативтік құқықтық актiні қабылдаған мемлекеттік органға немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына не лауазымды адамға жүктеледі.
5. Сотқа жүгінген тұлғаның өзінің талабынан бас тартуы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға әкеп соқпайды. Нормативтік құқықтық актіні шығарған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, лауазымды адамның қойылған талапты мойындауы сот үшін міндетті емес.
Лучшие юристы





Здравствуйте, учитывается ли обучение в средних специальных учебных заведениях(колледже), в трудовой книжке(стаже работы)?
Мой муж умышленно разбил все окна, просто превратил в металлолом машину моего брата. Как наказывают таких придурков?
Здравствуйте у меня два штрафа висят с 2020 того года административных что делать как быть
Здравствуйте я купил скутер в каталоге было комплекты но когда пришла сам скутер комплект не было и еще она не заводится 3,000км гарантия есть но я уже не хочу этот имущества что делать?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей