Ст. 427 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
427-бап. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жою не оны өзгерту негіздері
1. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға не оны өзгертуге: 1) іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымының дұрыс айқындалмауы және анықталмауы;
2) бірінші сатыдағы сот анықтаған, іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі;
3) шешімде баяндалған бірінші сатыдағы сот түйіндерінің істің мән-жайларына сәйкес келмеуі;
4) материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы;
5) жүргізілу міндеттілігі осы Кодексте көзделген кезде істе жеке процестік әрекет хаттамасының болмауы негіз болып табылады.
2. Егер сот:
1) қолданылуға жататын заңды қолданбаса;
2) қолданылуға жатпайтын заңды қолданса;
3) заңды дұрыс түсіндірмесе, материалдық құқық нормалары бұзылған немесе дұрыс қолданылмаған деп есептеледі.
3. Мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күші бір ғана формальды пайымдаулар бойынша жойылмайды. Материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы, егер осы бұзушылық дұрыс шешім қабылдамауға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіз болып табылады.
Егер сот дұрыс шешім қабылдаса, бірақ көрсетілген бұзушылықтарға жол берілсе, қаулыда уәждер, материалдық және процестік құқық нормалары келтіріледі, оларға сәйкес шешім өзгеріссіз қалдырылуға жатады.
4. Егер:
1) істі соттың заңсыз құрамы немесе соттылық туралы қағидаларды бұзып қараған;
2) осы Кодекстің 133-бабының қағидалары бойынша қаралған істерді қоспағанда, сот істі сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған іске қатысатын адамдардың қайсыбіреуі болмағанда қараған;
3) істі қарау кезінде сот ісін жүргізу тілі туралы қағида бұзылған;
4) сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселені шешкен;
5) судья шешімге қол қоймаған немесе істі қарап, шешкен судьядан басқа судья қол қойған;
6) жүргізілу міндеттілігі осы Кодексте көзделген кезде істе сот отырысы хаттамасы болмаған кез келген жағдайда бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылуға жатады.
5. Осы Кодекстің 427-бабының төртінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған кезде апелляциялық сатыдағы сот ұйғарым шығарады. Ұйғарымда істі бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу қағидалары бойынша қарауға көшу туралы, іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер және оларды жасау мерзімдері көрсетіледі. Көрсетілген әрекеттер аяқталғаннан кейін істі әдеттегідей апелляциялық сатыдағы соттың сол құрамы қарайды.
Қалған жағдайларда, оның ішінде жаңа шешім шығарылып, сот шешімінің күші жойылған кезде, апелляциялық сатыдағы сот істі бір сот отырысында бір сот актісін қабылдай отырып, қарайды.
5-1. Алып тасталды – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Сот шығыстарын бөлу туралы мәселенің шешілмеуі немесе дұрыс шешілмеуі сот шешімінің күшін жою немесе оны өзгерту үшін негіз болып табылмайды. Сот шығыстарын бөлу қаулының қарар бөлігінде көрсетіледі.
Ескерту. 427-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 20.12.2021 № 84-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей