Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 172 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

ҚР Салық кодексi
172-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе Қазақстан Республикасына импортталған акцизделетін тауарларды бақылау

1. Акцизделетін тауарларды бақылауды салық органдары өндірушілердің, акцизделетін тауарлар айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың, борышкердің мүлкін (активтерін) өткізу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың осы бапта айқындалған, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау, акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тәртібін сақтауы бөлігінде, сондай-ақ акциздік бекеттерді орнату арқылы жүзеге асырады. 

2. Толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімі – есепке алу-бақылау маркаларымен, темекі бұйымдары сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жатады. 

3. Таңбалауды акцизделетін тауарларды өндірушілер мен импорттаушылар, борышкердің мүлкін (активтерін) өткізу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылар жүзеге асырады. 

4. Мынадай алкоголь өнімі – есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдары сәйкестендіру құралдарымен мiндеттi таңбалануға жатпайды: 

1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспортталатын; 

2) бажсыз сауда дүкендерінің иелері Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін, бажсыз сауданың кедендік рәсімімен орналастыруға арналған; 

3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелудің (рұқсат берудің) және уақытша әкетудің кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде санаулы даналарда жарнама жасау және (немесе) демонстрациялау мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін; 

4) кедендік транзиттің кедендік рәсімінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін; 

5) Қазақстан Республикасының аумағына жиырма бір жасқа толған жеке тұлға – үш литрден аспайтын шекте әкелетін (жөнелтетін) алкоголь өнiмi, сондай-ақ он сегiз жасқа толған жеке тұлға екі жүз сигареттен немесе елу сигарадан (сигарилладан) немесе темекiнiң екі жүз елу грамынан аспайтын шекте не көрсетілген бұйымдарды жалпы салмағы екі жүз елу грамнан аспайтын ассортиментте әкелетiн (жөнелтетін) темекi мен темекi бұйымдары. 

5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін сәйкестендіру құралдары және (немесе) есепке алу-бақылау маркалары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасу түріндегі айналымына тыйым салынады. 

6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен қайта таңбалау уәкілетті орган айқындайтын мерзімдерде жүзеге асырылады. 

7. Алкоголь өнімін өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын тұлға алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені ұсынады. 

8. Өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне есепке алу-бақылау маркалары алынғанға дейін ұсынылады. 

9. Өндіруші және (немесе) импорттаушы алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені ұсынбаған жағдайда есепке алу-бақылау маркалары берілмейді. 

10. Өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша салу арқылы, сондай-ақ мынадай тәсілдердің кез келгені: 

1) банк кепілдігі; 

2) кепілгерлік; 

3) мүлік кепілі арқылы қамтамасыз етіледі. 

11. Ақшаны уақытша орналастыру шотын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады. 

12. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның ақшаны уақытша орналастыру шоты алкоголь өнімін өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын тұлғаның ақша салуына арналған. 

Ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі. 

13. Өндіруші және (немесе) импорттаушы ақшамен қамтамасыз етілген, алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені орындамаған кезде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бес жұмыс күні өткен соң ақшаны уақытша орналастыру шотынан ақшаны бюджет кірісіне аударады. 

14. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның ақшаны уақытша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындағаны туралы есеп ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 

15. Осы бапқа сәйкес:  

1) толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнiмiн – есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұнын және қорғау элементтерiн уәкілетті орган бекiтедi;  

2) есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн уәкілетті орган бекiтедi; 

3) акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды; 

4) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі, сондай-ақ оларды ресімдеу тәртібі мен олардың құжат айналымы осы Кодекстің 176-бабына сәйкес белгіленеді. 

16. Салық органдары этил спирті мен алкоголь өнімін (сыра қайнату өнімінен басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны мен темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік бекеттер орнатады. 

17. Акциздік бекеттің тұрған жерін және жұмыскерлерінің құрамын, оның жұмыс регламентін салық органы айқындайды. 

Акциздік бекет жұмыскерлерінің құрамы салық органының лауазымды адамдарының арасынан қалыптастырылады. 

18. Салық органының акциздік бекеттегі лауазымды адамы: 

1) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың өндірісі мен айналымын реттейтін заңнамасының талаптарын сақтауын; 

2) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуін және (немесе) босатылуын немесе есепке алу аспаптары арқылы өткізілуін (құйылуын), сондай-ақ осындай есепке алу аспаптарының пломбаланған түрде пайдаланылуын; 

3) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тәртібін сақтауын; 

4) дайын өнімнің, есепке алу-бақылау маркаларының немесе сәйкестендіру құралдарының қозғалысын бақылауды жүзеге асырады. 

19. Салық органының акциздік бекеттегі лауазымды адамы: 

1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-қарауға; 

2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға; 

3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлік құралдарын қарап-тексеруге құқылы. 

20. Салық органының акциздік бекеттегі лауазымды адамының акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібінде көзделген өзге де құқықтары бар. 

Ескерту. 172-бап жаңа редакцияда – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...170 171 172 173 174 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться