Ст. 176 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 28.02.2021
ҚР Салық кодексi
176-бап. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау
Салық органдары: 1) Қазақстан Республикасының аумағымен тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде;
2) тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме мынадай мерзімдерде:
1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағымен алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде – тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезде – кедендік тазарту жүргізілген тауарларды алып өту, өткізу басталғаннан кешіктірілмей;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде – тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғаннан кешіктірілмей;
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде автомобиль өткізу пунктінде туындайды.
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ ресімдеу тәртібі мен олардың құжат айналымын уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 176-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-бөлімнің тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-БӨЛІМ. ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ЖӘНЕ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
21-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
21-тарау. ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАҒА ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
Лучшие юристы

Караганда,Темиртау, Нур-Султан
Телефоны
Комментариев: 26
За последние 30 дней

Астана (Нур-Султан) - Караганда - Темиртау
Телефон
Всего

г. Алматы
Телефон
За последние 30 дней

г. Алматы
Телефон
Всего

г. Костанай
Телефон
Всего
Новые комментарии на сайте
Айгуль
01.03.21 21:23:07
Тел: 87012643890,
Добрый вечер срок давности имеется, общий срок 3 года
Гость
01.03.21 17:32:14
питьевую воду нельзя использовать в технических целях, где написано?
Гость
27.02.21 15:02:55
Здравствуйте,Где можно посмотреть новую классификацию основных средств на 2021 год
Гость
27.02.21 10:31:06
сушествует ли срок исковой давности по кредиту
Гость
26.02.21 12:57:32
Здравствуйте Я учительница инвалид 2 группы.Допустимо ли забрать часы ссылаясь на инвалидность?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей