Ст. 531 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
531-бап. Салықтық мөлшерлемелер
1. Салықтық база осы Кодекстiң 529-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:
1 | 2 | 3 |
1. | 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы |
2. | 2 000 000 теңгеден жоғары 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 1 000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,08 пайыз |
3. | 4 000 000 теңгеден жоғары 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 пайыз |
4. | 6 000 000 теңгеден жоғары 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15 пайыз |
5. | 8 000 000 теңгеден жоғары 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2 пайыз |
6. | 10 000 000 теңгеден жоғары 12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,25 пайыз |
7. | 12 000 000 теңгеден жоғары 14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3 пайыз |
8. | 14 000 000 теңгеден жоғары 16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,35 пайыз |
9. | 16 000 000 теңгеден жоғары 18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4 пайыз |
10. | 18 000 000 теңгеден жоғары 20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,45 пайыз |
11. | 20 000 000 теңгеден жоғары 75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5 пайыз |
12. | 75 000 000 теңгеден жоғары 100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,6 пайыз |
13. | 100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,65 пайыз |
14. | 150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,7 пайыз |
15. | 350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,75 пайыз |
16. | 450 000 000 теңгеден жоғары | 2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын сомадан 2 пайыз |
2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) алып жатқан жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) |
1 | 2 | 4 |
Қалалар: | ||
1. | Алматы | 0,96 |
2. | Шымкент | 0,58 |
3. | Астана | 0,96 |
4. | Ақтау | 0,58 |
5. | Ақтөбе | 0,58 |
6. | Атырау | 0,58 |
7. | Жезқазған | 0,58 |
8. | Көкшетау | 0,58 |
9. | Қарағанды | 0,58 |
10. | Қонаев | 0,58 |
11. | Қостанай | 0,58 |
12. | Қызылорда | 0,58 |
13. | Орал | 0,58 |
14. | Өскемен | 0,58 |
15. | Павлодар | 0,58 |
16. | Петропавл | 0,58 |
17. | Семей | 0,58 |
18. | Талдықорған | 0,58 |
19. | Тараз | 0,58 |
20. | Түркістан | 0,39 |
21. | Алматы облысы: | |
22. | облыстық маңызы бар қалалар | 0,39 |
23. | аудандық маңызы бар қалалар | 0,39 |
24. | Ақмола облысы: | |
25. | облыстық маңызы бар қалалар | 0,39 |
26. | аудандық маңызы бар қалалар | 0,39 |
27. | Облыстық маңызы бар қалған қалалар | 0,39 |
28. | Аудандық маңызы бар қалған қалалар | 0,19 |
29. | Кенттер | 0,13 |
30. | Ауылдар | 0,09 |
Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.
3. Үй жанындағы жер учаскелері мынадай базалық салықтық мөлшерлемелер бойынша салық салынуға жатады:
1) республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстық маңызы бар қалалар үшін:
1000 шаршы метрді қоса алғанға дейінгі алаң болғанда – 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;
1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 6,00 теңге.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метр үшін 6,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін;
2) қалған елді мекендер үшін:
5000 шаршы метрді қоса алғанға дейінгі алаң болғанда – 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;
5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 1,00 теңге.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метр үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.
Елді мекендер жеріне жататын, тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатпаған жер участкесінің бөлігі үй жанындағы жер учаскесі деп есептеледі.
4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге, сондай-ақ тиісті құрылыстар алып жатқан жерді қоса алғанда, жеке тұлғаларға жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген елді мекендердің жеріне базалық салықтық мөлшерлемелер мынадай мөлшерлерде:
1) алаңы қоса алғанда 0,50 гектарға дейін болған кезде – 0,01 гектар үшін 20 теңге;
2) 0,50 гектардан асатын алаңға – 0,01 гектар үшін 100 теңге мөлшерінде белгіленеді.
5. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерді жер салығының базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан асырмай төмендетуге немесе арттыруға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін мөлшерлемелерді жеке-дара төмендетуге немесе арттыруға тыйым салынады.
Мөлшерлемелерді төмендету немесе арттыру туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ол енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жергілікті өкілді органның мөлшерлемелерді төмендету немесе арттыру туралы шешімі ресми жариялануға жатады.
Ескерту. 531-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей