Ст. 576 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
576-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын еселенген АЕК мөлшерінде айқындалады. ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың қолданысы 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданылады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.01.2021 № 402-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 10 | |
2. | Азот оксидтері (NOx) | 10 | |
3. | Шаң және күл | 5 | |
4. | Қорғасын және оның қосылыстары | 1993 | |
5. | Күкіртсутек | 62 | |
6. | Фенолдар | 166 | |
7. | Көмірсутектер | 0,16 | |
8. | Формальдегид | 166 | |
9. | Көміртегі монооксиді | 0,16 | |
10. | Метан | 0,01 | |
11. | Күйе | 12 | |
12. | Темір тотықтары | 15 | |
13. | Аммиак | 12 | |
14. | Алты валентті хром | 399 | |
15. | Мыс тотықтары | 299 | |
16. | Бенз(а)пирен | 498,3 |
3. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Көмірсутектер | 44,6 |
2. | Көміртегі тотықтары | 14,6 |
3. | Метан | 0,8 |
4. | Күкірт диоксиді | 200 |
5. | Азот диоксиді | 200 |
6. | Күйе | 240 |
7. | Күкіртсутек | 1 240 |
8. | Меркаптан | 199 320 |
4. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,33 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,45 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,24 |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақтың қолданысы 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданылады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.01.2021 № 402-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттар | 670 |
2. | Мырыш | 1340 |
3. | Мыс | 13402 |
4. | Оттегіне биологиялық қажеттілік | 4 |
5. | Тұзды аммоний | 34 |
6. | Мұнай өнімдері | 268 |
7. | Нитраттар | 1 |
8. | Жалпы темір | 134 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,4 |
10. | Өлшенген заттар | 1 |
11. | Синтетикалық беткі-белсенді заттар | 27 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,1 |
13. | Алюминий | 27 |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-тармақтың қолданысы 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданылады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.01.2021 № 402-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель үшін (Гбк) | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | ||
1.1. | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар | ||
1.1.1. | қауіпті қалдықтар | 4,005 | |
1.1.2. | қауіпсіз қалдықтар | 0,53 | |
1.2. | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | ||
1.2.1. | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы) | 0,19 | |
1.2.2. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.2.2.1. | аршынды жыныстар | 0,002 | |
1.2.2.2. | жанасқан таужыныстары | 0,013 | |
1.2.2.3. | байыту қалдықтары | 0,01 | |
1.2.2.4. | шлактар, шламдар | 0,019 | |
1.2.3. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,019 | |
1.2.4. | Күл мен күлшлактар | 0,33 | |
1.2.5. | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,001 | |
1.2.6. | Радиоактивті қалдықтар: | ||
1.2.6.1. | трансуранды | 0,38 | |
1.2.6.2. | альфа-радиоактивті | 0,19 | |
1.2.6.3. | бета-радиоактивті | 0,02 | |
1.2.6.4. | шынақты радиоактивті көздер | 0,19 |
7. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 3,77 АЕК құрайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-тармақтың қолданысы 01.01.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданылады - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.01.2021 № 402-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Жергілікті өкілді органдардың, осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қоспағанда, осы бапта белгіленген мөлшерлемелерді екі еседен арттырмай көтеруге құқығы бар.
Ескерту. 576-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 402-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.
Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .
можеть ли ао реализовать имущество ниже оценочной стоймости
здравствуйте, может ли местный исполнительный орган принять выморочное имущество, которое находится в залоге у банка (долг перед банком 9 млн). Если да то каким образом вернуть деньги банку?
Сәлеметсіздер ме? Мен мектепте 13 сағат жүктеме және 0,5 ставкамен тәрбие орынбасары қызметі бойынша жұмыс жасаймын. Менің өтінішім күнделікті жұмыс уақытымды есептеп берсеңіздер. Мен толық 8 сағат жұмыс жасауға міндеттімін ба?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей