Ст. 587 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
587-бап. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 20.03.2023 № 213-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы мөлшерлемелерін орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес жергілікті атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптар негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді.
2. Түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және орман пайдалануға құқығы туындайтын тиісті қаржы жылының бірінші күніне қолданыста болатын еселенген АЕК мөлшерінде бір тығыз текше метр үшін айқындалады және мыналарды құрайды:
Р/с № | Ағаш-бұта тұқымдастарының атауы | Жоғарғы бөлігіндегі дің кесіндісінің диаметріне қарай іске жарамды ағаш, қабықсыз (АЕК) | Қабықты отындық ағаш (АЕК) | |||
ірі (25 см және одан жуан) | орташа (13-тен 24 см-ге дейін) | ұсақ (3-тен 12 см-ге дейін) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
1. | Қарағай | 1,48 | 1,05 | 0,52 | 0,21 | |
2. | Шренк шыршасы | 1,93 | 1,37 | 0,68 | 0,27 | |
3. | Сібір шыршасы, майқарағай | 1,34 | 0,95 | 0,48 | 0,16 | |
4. | Балқарағай | 1,19 | 0,85 | 0,41 | 0,15 | |
5. | Самырсын | 2,67 | 1,91 | 0,93 | 0,23 | |
6. | Ағаш тектес арша | 1,79 | 1,26 | 0,63 | 0,27 | |
7. | Емен, шаған | 2,67 | 1,91 | 0,93 | 0,41 | |
8. | Қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке | 0,60 | 0,42 | 0,21 | 0,14 | |
9. | Сексеуіл | 0,60 | ||||
10. | Қайың | 0,69 | 0,48 | 0,23 | 0,16 | |
11. | Көктерек, ағаш тектес тал, терек | 0,52 | 0,37 | 0,18 | 0,11 | |
12. | Грек жаңғағы, пісте | 3,24 | 2,32 | 1,15 | 0,35 | |
13. | Өрік, аққараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар | 1,90 | 1,35 | 0,68 | 0,23 | |
14. | Арша, самырсын өскіні | 0,34 | 0,18 | |||
15. | Жыңғыл | 0,3 | 0,25 | |||
16. | Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар | 0,19 | 0,12 |
3. Төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:
Р/с | Қашықтық | Коэффициент |
1 | 2 | 3 |
1. | 10 км-ге дейін | 1,30 |
2. | 10,1 - 25 км | 1,20 |
3. | 25,1 - 40 км | 1,00 |
4. | 40,1 - 60 км | 0,75 |
5. | 60,1 - 80 км | 0,55 |
6. | 80,1 - 100 км | 0,40 |
7. | 100 км-ден көп | 0,30 |
Кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш аймағының ортасынан жолға дейінгі қысқа аралық бойынша картографиялық материалдармен айқындалады және жергілікті жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзету жасалады:
жазық бедер - 1,1;
жоталы бедер немесе батпақты жер - 1,25;
таулы бедер - 1,5;
2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,6;
3) басты мақсатта пайдалану үшін іріктеп ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,8;
4) сүректі 20 градустан жоғары беткейлі тау жоталарынан босату кезінде - 0,7.
4. Сүректі түбірімен босату кезінде пайда болған кесілген ағаш қалдықтары (ұшар басынан алынған отын) үшін төлемақы мөлшерлемесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген тиісті ағаш тұқымдас отындық ағашқа арналған мөлшерлеменің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 20.03.2023 № 213-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Здравствуйте есть ли отстрочка ?статья 346.1 как едениственый кормилиц , так как супруга не давно родила , в декрете
Ассалаумағалеикум ... Помогу. канкретно выбит. долг. с. кого надо .. Званить 777056724275
Здравствуйте ! Могу ли я забрать свою машину у человека который по документам не является её владельцем .
Машина оказалась у моего знакомого на сохранение, после чего мы договорились о том , что я продам её ему , но так как я находилась в другой стране сразу не могла переоформить по итогу когда приехала человек передумал её покупать и потребовал денеги с меня за мою же машину ! Сначало 1200 млн тг потом 600тыс тг ,Мол он вложил в нее денег однако я его об этом не просила более того ,просила её не трогать пока я не приеду, однако он на ней ездил эксплуатировал делал все что хотел . И по итогу не покупать её не хочет не отдавать . Платить ему у меня есть сомнения действительно ли он вложил такую сумму ( Машина по документам моя на каз учете . Человеку я ничего не должна ни по каким распискам как мне законно забрать свое имущество??? Помогите ? сколько стоит нанять адвоката по такому делу ? На моей ли стороне закон ?
если командированный работник ежедневно возвращается к месту постоянной работы, то возмещаются только транспортные расходы при наличии проездных документов без выплаты суточных.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей