Ст. 634 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
634-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация жасау ерекшеліктері
1. Алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 2. Кірістер мен мүлік туралы декларация:
1) дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметтен түсетін, декларациялауға жататын кірістерін қоспағанда, жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын кірістер;
2) салықтық шегерімдер;
3) мүлікті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде алу және (немесе) иеліктен шығару, оның ішінде өтеусіз негізде алу және (немесе) иеліктен шығару;
4) жеке табыс салығы бойынша, оның ішінде осы Кодекстің 351-бабында айқындалған салықтық шегерім қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді банк мекемелерінің беруіне жеке тұлғаның келісімін көрсете отырып, асып кету сомасын есепке жатқызу және қайтару жөніндегі талап;
5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
6) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке тұлғаның меншік құқығындағы қолда бар мүлік:
шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын не ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге тіркеуге (есепке алуға) жататын мүлік;
эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар, цифрлық активтер;
инвестициялық алтын;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
7) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде осы Кодекстің 634-бабының 6-тармағында көрсетілген, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) туралы ақпаратты жеке тұлғалардың көрсетуіне арналады.
3. Кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатында пайдаланатын салықтық міндеттемені есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналады.
4. Осы Кодекстің 633-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) – 3) және 9) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда мүлікті алу және (немесе) иеліктен шығару туралы, сондай-ақ есепті салықтық кезең ішінде мынадай мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді де көрсетеді:
1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік;
2) мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелер;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері;
4) бағалы қағаздар, цифрлық активтер;
5) инвестициялық алтын;
6) туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
7) тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетеді.
Осы мәліметтерді көрсету туралы талап кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшада көрсетіледі.
5. Алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда декларация жасалған күнге:
1) жеке тұлғамен жасалған міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған шарт (мәміле, келісім) болған кезде – жеке тұлғалар арасында түзілген басқа тұлғалардың жеке тұлғаға берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғаларға берешегі (кредиторлық берешек) көрсетіледі.
Осы тармақшада көрсетілген берешекті декларацияны ұсынудың осы Кодекстің 632-бабында белгіленген мерзімінен кешіктірілмейтін мерзімде нотариат куәландыруға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, микроқаржы ұйымдарына берешекті қоспағанда, салыстырып тексеру актісі және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт болған кезде – жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер, оның ішінде бейрезидент болып табылатын дара кәсіпкер арасында түзілген;
3) соттың заңды күшіне енген шешімімен расталған басқа тұлғалардың жеке тұлғаға берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғаларға берешегі (кредиторлық берешек) көрсетіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған кезде міндетті түрде қоса берілуге жатады.
Қоса берілген құжаттармен расталмаған берешек нөлге тең деп есептеледі.
Бұл ретте кірістер мен мүлік туралы декларацияда берілген лицензия негізінде әрекет ететін "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушының қарыздық краудфандингтік платформасы пайдаланыла отырып жасалған шарт болған кезде дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек көрсетілмейді.
Ескерту. 634-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.12.2023 № 45-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 208-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?
Қайда шағымданасыз?
1) Мекеме басшысы мен бас есепшіге — жазбаша түрде
Негіз: 319-бап.
2) Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) шағым
Негіз: 319, 320, 683-баптар (салық агентінің міндетін орындамау).
Жаза қолданатын орган — МКБ.
3) Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (егер мекеме мемлекеттік болса)
Негіз: бухгалтерлік есеп нормаларын бұзу.
Ақпарат үшін +77082675787, +77751122089
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей