Ст. 112-1 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
112-1-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу тәртібі
1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымды аккредиттеу, оның ішінде аккредиттеуден бас тарту туралы мәселені Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы қарайды. 2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым агенттіктерді және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді.
3. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы шешімді немесе аккредиттеуден бас тартылған жағдайда оны негіздей отырып, аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылданған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы береді.
4. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдар ұзарту құқығымен бір жыл мерзімге аккредиттеледі. Аккредиттеу туралы шешім иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаларға берілуге жатпайды.
5. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы шешімнің қолданысын:
1) осы Кодекстің нормалары сақталмаған;
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға келіп түскен, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның қызметіне негізді шағымдар болған жағдайда тоқтата тұрады.
6. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымды аккредиттеуден, аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тартуға, аккредиттеуден айыруға (оны кері қайтарып алуға):
1) ұсынылған құжаттардың агенттіктерді және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның өз қызметі туралы анық емес мәліметтер ұсынуы;
3) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы;
4) аккредиттеу туралы шешімнің қолданысын тоқтата тұруға алып келген бұзушылықтардың бір ай ішінде жойылмауы;
5) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым қызметінің тоқтатылуы негіз болып табылады.
7. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, аккредиттеуден бас тарту туралы шешім алған коммерциялық емес ұйым алты ай өткен соң Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына қайтадан өтініш жасауға құқылы.
Ескерту. 14-тарау 112-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
113-бап. Агенттіктер филиалдарының және (немесе)өкілдіктерінің қызметін ұзарту, тоқтата тұру және (немесе) тоқтату
1. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту үшін ол аккредиттеу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына мерзімді ұзарту туралы өтініш береді.
Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы өтінішті Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы өтінішті қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы (ұзартудан бас тарту туралы) дәлелді шешімді Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы қабылдап, агенттіктің филиалына және (немесе) өкілдігіне шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
2. Егер олар агенттікті алғашқы аккредиттеуден кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық талаптарды сақтаған болса, осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім өткен соң аккредиттеу мерзімі өздігінен ұзартылады.
3. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы:
1) осы Кодекстің нормалары сақталмаған;
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметіне негізделіп шағымдар жасалған жағдайда, агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұрады.
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларға хабарлайды.
4. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бір ай ішінде жойылған кезде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы оны қайтадан қолданысқа енгізеді.
5. Агенттіктің филиалдары және (немесе) өкілдіктері мынадай жағдайларда:
1) балаларды асырап алу жөніндегі қызметін агенттіктің құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырмаса;
2) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтарды бір ай ішінде жоймаса;
3) агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі қызметін тоқтату туралы өтініш берсе;
4) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі өтсе және аккредиттеу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмаса, өз қызметін тоқтатады.
6. Агенттік филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қызметін тоқтату мәселелері осы баптың 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған (туындаған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтату туралы дәлелді шешімді Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы қабылдайды және шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оған жібереді.
7. Агенттік филиалын және (немесе) өкілдігін аккредиттеу, олардың қызмет етуін тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының ресми интернет-ресурсына шешімді орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы таратады.
Ескерту. 113-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 114-бап. Агенттік филиалының және (немесе)өкілдігінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 9-бап. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптар ҚР Азаматтық процестік кодексі 19-бап. Сот талқылауының жариялылығы Өсімдіктер дүниесі туралы ҚР кеден iсi туралы 404-бап. Кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен т...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей