Ст. 188 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы
188-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны
1. Баланың тууын мемлекеттiк тiркеу ата-анасының не олардың бiреуiнiң қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тiркеушi органда жүргiзіледi. 2. Егер ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса (ерлі-зайыпты болмаса), баланың тууын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiшпен бір мезгілде әке болуды анықтау туралы өтiнiш берiледi.
3. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасында баланың туылған жері деп баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде қабылданған Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірлігінің атауына сәйкес баланың нақты туылған жерінің атауы көрсетіледі.
Экспедицияларда және шалғай жерлерде, сондай-ақ анасы теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе пойызда болған кезде туылған баланың туылған жері деп баланың тууын мемлекеттік тіркеу жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірлік көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде туылған баланың туылған жері деп баланың нақты туылған жерінің атауы көрсетіледі.
4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде туылған баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не ата-анасының немесе олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда шетелдік тіркеуші органдарда тіркелгеніне қарамастан, мынадай құжаттардың бірін:
1) туу туралы куәліктің түпнұсқасын;
2) туу туралы акт жазбасының көшірмесін;
3) туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасын көрсеткен кезде осы Кодексте белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болмаған кезде, соттың туу фактісін анықтау туралы шешімінің көшірмесі көрсетіледі.
Ескерту. 188-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Астана
Комментариев: 29
Всего
Арман
Караганда; Нур-Султан (Астана)
Всего
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
г. Шымкент
Телефон
Всего
Александр
Всего
michaelbates
London
Всего
Добавить комментарий
Коментарии пользователей
Гость
15.02.23 17:19:47
Здравствуйте,куда я должна пойти изменить место рождения паспорте(В статью 188 Кодекса о браке и семье предлагается внести положение о том, что граждане РК,постоянно проживающие в Казахстане, но родившиеся за пределами страны, могут единожды изменить место рождения на административно- территориальную единицу РК по месту жительства)
Рекомендованные страницы
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 186-бап. Жеке адамдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін сақтау міндеті ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 190-бап. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 185-бап. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын жою ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 187-бап. Баланың тууын тіркеу үшін негіз Әлеуеттi қауiптi химиялық және биологиялық заттарРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей