Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 13 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
13-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:

1) көшi-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға;

2) режимдiк стратегиялық объектiлерге қызмет көрсетудi жүзеге асыратын штат санын ұстауға;

3) оралмандарды уақытша орналастыру орталығын және оралмандарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталығын күтiп ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға;

4) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;

5) жаңадан iске қосылатын спорт объектiлерiн күтiп-ұстауға;

6) спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың мұғалiмдерiне бiлiктiлiк санаты үшiн қосымша ақы мөлшерiн ұлғайтуға;

7) эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге;

8) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялауға;

9) алып тасталды - ҚР 2012.11.20 № 51-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

10) тұқым шаруашылығын қолдауға;

11) асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға;

12) мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға;

13) мамандарды әлеуметтiк қолдау шараларын iске асыру үшiн;

14) азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға;

14-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi ұйымдастыруға және жүргiзуге;

15) арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсетуге;

16) облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елдi мекендер көшелерiн күрделi және орташа жөндеуге;

17) метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға;

17-1) моноқалаларды жайластыру мәселелерiн шешуге;

18) қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттiк мекемелерi жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң педагог қызметкерлерi штат санының берiлуiне байланысты;

19) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын iске асыруға;

20) Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға;

21) қорғаншыларға (қамқоршыларға) жетiм баланы (жетiм балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағу үшiн ай сайын ақша қаражатын төлеуге;

22) техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарының оқу-өндiрiстiк шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға;

23) мектеп мұғалiмдерiне және мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының тәрбиешiлерiне бiлiктiлiк санаты үшiн қосымша ақы мөлшерiн ұлғайтуға;

24) өндiрiстiк оқытуды ұйымдастыру үшiн техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының өндiрiстiк оқыту шеберлерiне қосымша ақы белгiлеуге;

25) «Назарбаев зияткерлiк мектептерi» ДБҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша бiлiктiлiктi арттырудан өткен мұғалiмдерге төленетiн еңбекақыны арттыруға;

26) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн қамтамасыз етуге және кеңейтуге;

26-1) жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн күтiп-ұстауға;

27) жергiлiктi деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;

28) тұрғын үй көмегiн көрсетуге 2012 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және (немесе) пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

 Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.03.16 № 6-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.11.20 № 51-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 
Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...27

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться