Ст. 17 Ақпаратқа қол жеткізу туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ
Ақпаратқа қол жеткізу туралы
17-бап. "Электрондық үкіметтің" веб-порталында ақпарат орналастыру
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Ақпарат пайдаланушылар осы Заңға сәйкес ақпарат иеленушілер "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдастарында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілуін ескере отырып орналастыратын ақпаратты ала алады және пайдалана алады, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген не "электрондық үкімет" веб-порталының құрамдастарында авторландырылған жағдайда оны талқылауға қатыса алады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Ашық деректердің интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1), 2), 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген ақпарат иеленушілер ашық деректерді орналастырады.
Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы халқының ашық деректерге қажеттіліктері туралы қоғамдық пікірді сұрау нәтижелері бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастыру үшін ақпарат иеленушілерден ашық деректерді сұратуға құқылы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ақпарат иеленушілер ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында өз бастамасы бойынша да орналастыруға құқылы.
3. Ашық бюджеттердің интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау нәтижелерін орналастырады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге жария талқылау өткізеді.
4. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібергенге дейін реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында көзделген өзге де ақпаратты жария талқылау үшін орналастырады. Жария талқылау нәтижелері бойынша есептер де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастырады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне жария талқылау өткізеді.
6. Ашық диалогтың интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген ақпарат иеленушілер интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізеді, сондай-ақ 3) тармақшада көрсетілген ақпарат иеленушілер, мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы келіп түскен сұрау салуларға жауап береді.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.
Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей