Ст. 15 Ұлттық әл-ауқат қоры туралы 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV
Ұлттық әл-ауқат қоры туралы
15-бап. Қордың әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруының ерекшеліктері
1. Қор және Қордың тобына кіретін ұйымдар Қор қызметінің бағыттары бойынша өнеркәсіптік-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатыса алады. 2. Қордың немесе Қордың тобына кіретін ұйымдардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық жасайтын рентабельділігі төмен болып табылатын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда толық немесе ішінара бюджеттік қаржыландыру және (немесе) мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қор немесе Қордың тобына кіретін ұйымдар іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Қор немесе Қордың тобына кіретін ұйым өнеркәсіптік-инновациялық қызметті жүзеге асырған кезде оларға Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей