Ст. 1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жас маман – отыз бес жасқа толмаған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және білім туралы құжатта көрсетілген мамандық бойынша үш жылдан аспайтын уақыт жұмыс істеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматы;
2) жас отбасы – ерлi-зайыптылардың екеуi де отыз бес жасқа толмаған отбасы не баланы (балаларды) отыз бес жасқа толмаған ата-ананың бiреуi тәрбиелейтін толық емес отбасы;
3) жастар – Қазақстан Республикасының он төрт жастан отыз бес жасқа дейiнгi азаматтары;
4) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым – мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін қажетті объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жас азаматтардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтік қызмет көрсету, дене бітімін, рухани және имандылық тұрғысынан дамыту, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және олардың қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүйесі;
4-1) жастарға арналған әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – жастарды қолдауға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды іске асырудағы ақпараттық-консультативтік көмек;
4-2) жастар еңбек жасақтары – уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар шеңберіндегі жастар бірлестіктері;
4-3) жастармен жұмыс жөніндегі маман – жастардың жеке адам ретінде және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратын, үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар маман;
4-4) жұмыс істеп жүрген жастар – отыз бес жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары;
5) "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасы – мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын талдауды және оны жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтитын жыл сайынғы есеп;
5-1) Қазақстан Республикасындағы жастардың даму индексі (бұдан әрі – жастардың даму индексі) – іске асырылатын мемлекеттік жастар саясатын және мынадай негізгі: білім беру, денсаулық және саламаттылық, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт, қауіпсіздік бағыттары бойынша жастардың даму деңгейін талдауға арналған жиынтық индекс;
6) мемлекеттiк жастар саясаты – мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі;
7) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік жастар саясаты саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) өңірлік жастар форумы – жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы;
9) республикалық жастар форумы – жастар өкілдерінің мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың жалпыұлттық деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін форумы;
10) уақытша бос жүрген жастар – жастардың уақытша жұмыс істемейтін, білім беру ұйымдарында білім алмайтын немесе кәсіптік даярлықтан, қайта даярлаудан өтпейтін, жұмыспен қамту және білім беру саласынан тыс бөлігі.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.05.2019 № 251-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей