Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 6 Биоотын өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2010 жылғы 15 қарашадағы № 351-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.09.2020


Биоотын өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
6-бап. Биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган: 

1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

1-1) биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу және қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 

2) өз құзыреті шегінде биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 

3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

4) өндіріс паспортын бекіту үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді; 

5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

6) техникалық регламенттерді әзірлейді; 

7) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

9) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

11) биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

12) азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынды кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квота белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 

13) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

13-1) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындайды; 

13-2) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептердің нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну тәртібін бекітеді; 

13-3) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті 

Биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган: 

1) өз құзыреті шегінде биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 

2) өз құзыреті шегінде биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 

3) биоотын айналымына камералдық бақылауды жүзеге асырады; 

4) биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді; 

5) хабарлама нысанын әзірлейді және бекітеді; 

6) биоотын айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

7) ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 

8) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті 

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы: 

1) биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты өз құзыреті шегінде іске асырады; 

2) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

3) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) биоотын өндірісінің мониторингін жүргізеді; 

5) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді. 

Ескерту. 2-тарау 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-бап. Биоотын өндірісін ұйымдастыру 

Ескерту. 8-бап алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
9-бап. Биоотын өндірісінің және айналымының шарттары 

1. Биоотын өндірісі: 

1) өндіріс паспорты және биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптары болғанда; 

2) биоотын өндірушінің жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заттай құқығындағы биоотын өндіретін зауытта жүзеге асырылады. 

2. Биоотынды сату: 

1) биоотын өндіруді және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуді жүзеге асыратын тұлғаларға; 

2) тиісті құжаттары болған кезде экспорттауға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеумен жүзеге асырылуға тиіс. 

3. Биоотынды тасымалдауға оның бүкіл жүру жолында ілеспе жүкқұжаттары бар болған кезде жол беріледі. 

4. Биоотынды сақтау биоотын өндірушілердің және құрамында биоотын бар мұнай өнімдерін өндірушілердің меншік құқығына немесе өзге де заттай құқығына жататын үй-жайларда жүзеге асырылады. 

Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
Статья 1 ...4 5 6 7 7‑1 ...24

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Отпуск за свой счёт , высчитывают в двойном размере заработной платы ,это есть такой закон?


Здравствуйте! Административно-бытовое здание принадлежит 5 собственникам в разных долях. Что создать "Простое товарищество" или ОСИ для того что бы содержать зднание.


Здравствуйте, Вам необходимо зарегистрировать свои права на данный дом. Если есть договор купли-продажи и на дом не наложены аресты, то Вам необходимо пройти в ЦОН и зарегистрировать свои права.


Ас саляму алейкум ва рахматуллахи ва баракатух.

Прошу Вас помочь что нужно сделать.

У меня магазин в жилом доме цокольный этаж.

Сделал ремонт, открыл но потом пришел корановирус и я его закрыл.

Через месяц пришел директор ЖЭКа и сказал что затопили магазин.

Сантиметров 20 было канализации в магазине.

ЖЭК говорит что договор с нами не заключили и мы не отвечаем за это.

Хотя все инженерные сети переданы застройщиком ЖЭКу.

Что делать стоит ли подавать в суд.

Или нет.


Ас саляму алейкум ва рахматуллахи ва баракатух.


Последние комментарии







Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться