Ст. 14 Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы
14-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің мазмұнына қойылатын талаптар
Ескерту. 14-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт:
1) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) мыналардың:
мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету;
мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау;
мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану;
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тәртібін сипаттауды;
3) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және көрсетілетін қызметті берушілерге жіберу тәртібін;
3-1) мыналарды:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-1) тармақшаны үшінші абзацпен толықтыру көзделген – ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
көрсетілетін қызметті берушінің атауын;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-1) тармақшаның төртінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-1) тармақшаның бесінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-1) тармақшаның алтыншы абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-1) тармақшаның жетінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-1) тармақшаның сегізінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін;
көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-1) тармақшаның оныншы абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-1) тармақшаның он бірінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны;
4) мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
15-бапты алып тастау көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
если моя бабушка родился в 1967 году ему исполняется 61 год на 2028 году теперь вопрос когда она выйдет на пенсию на 2028 году или на 2029 году
Если у ребенка до 16 лет уже есть паспорт РК, должен ли паспорт родителя подтверждать его гражданство
РАГС вообще не хочет исполнять свою работу как надо. Не позволяют мне сменить фамилию из-за "отсутствия уважительной причины", хотя в законе прописано что неблагозвучность является основанием для перемены. В суд на них давно не подавали, ничего, исправим.
Пидарасы одним словом. Даже уехать спокойно не дадут. В миграционной никто не информирует, а потом начинают крепить на границе за « второе гражданство» Черти
Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.
Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей