Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12-1 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.03.2023

Азаматтық қорғау туралы
12-1-бап. Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады: 

1) жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік резерв саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 

2) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдері жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді; 

3) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды қоюға тапсырыстарды орналастырады; 

5) мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 

6) мемлекеттік резерв жүйесін басқаруды жүзеге асырады, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, орнын ауыстыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезінде осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді; 

7) мемлекеттік резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастырады; 

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады; 

9) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде сақталатын материалдық құндылықтарды түгендеуді жүзеге асырады, түгендеуді жүргізуге тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын тартады; 

10) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен жүргізілетін операцияларға қатысушылармен жасасылған шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады; 

11) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекітеді; 

12) жаңарту, кәдеге жарату тәртібімен мемлекеттік резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдайды; 

12-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды; 

12-2) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын әзірлейді; 

12-3) гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын әзірлейді; 

13) алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

14) мемлекеттік резерв номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды; 

15) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 

16) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібінің бұзылуына кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына түгендеу материалдарын жібереді; 

17) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды жүргізеді; 

18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 3-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...11 12 12‑1 12‑2 13 ...109

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! Я попал в аварию,пострадал пассажир. 345 часть 2 возбудили через 3 дня дело закрыли до суда! Решение Адм.штраф!освобожден от уг.ответсвенности !теперь прошло 3 года .не принимают на работу в погран войска.это законно? По СГО вроде могу!


Здравствуйте! Нам отказали в утверждении зем. проекта по вопросу разделения зем.участка по 109ст. Земельного Кодекса РК. Как нам быть?


Здравствуйте! Можно ли принять на работу человека который был уволен по ст.52 п.1 п.п.11 тк рк?


Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?


Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться