Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 96 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.06.2026

Азаматтық қорғау туралы
96-бап. Мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін шығару тәртiбi

1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізеді және нарыққа реттеушілік ықпал ету орынды болатын бағалар деңгейіне жеткен жағдайда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне сауда қызметінің субъектілері – шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды, олардың көлемін, бағасын және сауда үстемеақысының мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарудың қажеттілігі туралы ұсыныс енгізеді. 

2. Мемлекеттік резервті нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін пайдаланған жағдайда, сауда қызметінің субъектілерін іріктеу мынадай критерийлер негізінде жүзеге асырылады: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттармен немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікпен расталған құқық қабілеттілігі және әрекетке қабілеттілігі; 

2) банктен немесе оның филиалынан алынған анықтаманың болуымен расталған, сауда қызметінің субъектісіне қызмет көрсететін банк алдында берешегінің жоқ екендігі көрсетілген төлем қабілеттілігі; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құқық белгілейтін құжаттармен немесе бөлшек сауда желісі объектілерін жалға алу шартымен расталған, бөлшек сауда желілерінде сатып алынатын тауарды өткізу мүмкіндігі; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құқық белгілейтін құжаттармен немесе қойма үй-жайларын жалға алу шартымен, денсаулық сақтау саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың құжаттарымен расталған, сатып алынатын тауардың тиісінше сақталуын қамтамасыз ете алатын қойма үй-жайларының болуы. 

3. Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган сауда қызметі субъектілерімен шарттар жасасу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды жүзеге асырады. Нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарудан алынған ақша бюджет кірісіне аударылады. 

Нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуді бөлшек сауда арқылы сауда қызметі субъектілері жүзеге асырады. 

Ескерту. 96-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

96-1-бапты алып тастау көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...94‑2 95 96 96‑1 97 ...109

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

если моя бабушка родился в 1967 году ему исполняется 61 год на 2028 году теперь вопрос когда она выйдет на пенсию на 2028 году или на 2029 году


Если у ребенка до 16 лет уже есть паспорт РК, должен ли паспорт родителя подтверждать его гражданство


РАГС вообще не хочет исполнять свою работу как надо. Не позволяют мне сменить фамилию из-за "отсутствия уважительной причины", хотя в законе прописано что неблагозвучность является основанием для перемены. В суд на них давно не подавали, ничего, исправим.


Пидарасы одним словом. Даже уехать спокойно не дадут. В миграционной никто не информирует, а потом начинают крепить на границе за « второе гражданство» Черти


Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.

Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться