Ст. 6 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV
Бәсекелестiк туралы
6-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары (бұдан әрі – үлестес тұлғалар) – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы тiкелей не жанама түрде тиесiлi заңды тұлғалар. Жанама тиесілік өзге заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілі болатынын білдіреді;
1-1) әлеуеттi бәсекелес – бәсекелестiң тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіру және (немесе) өткiзу мүмкiндiгi бар (жабдыққа, технологияларға ие), бiрақ тиiстi тауар нарығында оны өндірмейтін және өткiзбейтiн нарық субъектiсi;
1-2) бәсекелес – тиісті тауар нарығында нарық субъектiлерiнің тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіруіне және (немесе) өткiзуіне байланысты тиісті нарықтың басқа субъектiлерiмен жарыспалылық жағдайында болатын нарық субъектiсi;
2) бәсекелестік - дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы;
2-1) бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісімдер немесе келісілген әрекеттер (картель) – осы Заңның 10-бабының 1-тармағында және 11-бабының 1-тармағында көрсетілген, бір тауар нарығында бәсекелестер не әлеуетті бәсекелестер болып табылатын нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген әрекеттер;
3) бірін-бірі алмастыратын тауарлар - тұтынушы оларды тұтыну (өндіру) процесінде бірін-бірімен алмастыра алатындай, өзінің функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын тауарлар тобы болуы мүмкін;
3-1) жанама бақылау – заңды тұлғаның қабылдайтын шешiмдерiн заңды тұлға немесе араларында тiкелей бақылау болатын бiрнеше заңды тұлғалар арқылы жеке немесе заңды тұлғаның айқындау мүмкiндiгi;
3-2) кемсітушілік шарттар – басқа нарық субъектісімен (субъектілерімен) салыстырғанда нарық субъектісі немесе бірнеше нарық субъектілері тең емес жағдайға қойылған кездегі тауар нарығына кіру шарттары, тауарды өндіру, айырбастау, тұтыну, сатып алу, сату, өзгедей беру шарттары;
4) мемлекеттiк монополия – осы Заңда көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелестiк нарықта қандай да бiр тауарды өндiруге, өткізуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттiң айрықша құқығы;
5) монополистік қызмет - жағдайы тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тиісті тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі әсер етуге мүмкіндік беретін нарық субъектілерінің қызметі;
6) монополияға қарсы орган - бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) монополиялық жағдай - табиғи монополия, мемлекеттік монополия субъектілерінің, сондай-ақ тиісті тауар нарығында жүз пайыз үлеске ие нарық субъектілерінің жағдайы;
8) монополиялық табыс - нарық субъектісінің осы Заңда шектелген монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған табысы;
9) нарық субъектiсi – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке тұлғасы, сондай-ақ заңды тұлғасы, шетелдiк заңды тұлға (оның филиалы мен өкiлдiгі). Нарық субъектілеріне кәсіпкерлік қызметті өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар да жатады;
10) реттелетін нарықтар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген тауар нарықтары;
11) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
12) сатушы (өнім беруші) - тауар өткізуші (беруші) жеке немесе заңды тұлға;
13) тауар - азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет;
14) тауар нарығы - тұтынушының тауарды сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкіндіктері негізге алына отырып айқындалатын, тауардың немесе бірін-бірі алмастыратын тауарлардың айналым аясы;
15) тергеу – монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың жасалғанын растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректердi осы Заңда көзделген тәртiппен жинауға бағытталған iс-шаралары;
16) тұтынушы - тауарды өз мұқтажы үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
16-1) тiкелей бақылау – жеке немесе заңды тұлғаның мынадай бiр немесе бiрнеше iс-қимылдар жасау:
оның атқарушы органының, директорлар кеңесінің функцияларын жүзеге асыру;
заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау құқығын алу;
заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайларының) елу пайызынан астамына иелік ету арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешiмдердi айқындау мүмкiндiгi;
17) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - табиғи немесе мемлекеттік монополия жағдайындағы нарықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізбесі;
18) экономикалық қызметті үйлестіру – нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін осындай нарық субъектілерінің ешқайсысымен де бір тұлғалар тобына кірмейтін және нарық субъектілерінің іс-әрекеттерін келісу жүзеге асырылатын сол тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғаның келістіріп отыруы.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 34-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста
В письменной форме должны совершаться сделки:
1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота;
2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении;
3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон.
Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда.
Никто не обязан доказывать свою невиновность.
Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов.
Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.
Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.
Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.
Лицо, выполнившее все условия процессуального соглашения, может быть освобождено от уголовной ответственности.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей