Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 10 Қарсы барлау қызметі туралы 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 35-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

Қарсы барлау қызметі туралы
10-бап. Қарсы барлау іс-шараларын жүргізуге негіздер

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін барлау-нұқсан келтіру әрекетінен қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шараларды іске асыру;

2) қарсы барлау ақпаратының, оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алынған ақпараттың болуы;

3) күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі;

4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттер, оқиғалар, процестер мен құбылыстар туралы мәліметтерді алу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау қажеттігі;

5) мемлекеттік органдарды, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін, Қазақстан Республикасының стратегиялық және маңызды мемлекеттік мәні бар өзге де объектілерін қарсы барлаумен қамтамасыз ету қажеттігі;

6) жұмысы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін радиоэлектрондық құралдармен берілетін радиосәулеленуді, сондай-ақ барлау-нұқсан келтіру әрекетінде байланыс желілерін пайдалану жөніндегі іс-қимылдарды анықтау қажеттігі;

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерге рұқсат алуға ресімделетін (қайта ресімделетін) адамдарды міндетті арнайы тексеру, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметтегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі лауазымына орналасуға үміткер адамдарды арнайы тексеру;

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымдарға мемлекеттік заңды тұлғаларға немесе квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне жұмысқа тартылатын шетелдіктерді міндетті арнайы тексеру;

9) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің, қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының, халықаралық және өзге де ұйымдардың сұрау салулары;

10) қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын орган күштерінің, құралдары мен ақпаратының барлау-нұқсан келтіру әрекетінен қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігі қарсы барлау іс-шараларын жүргізуге негіздер болып табылады.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысаны, мемлекеттік тиесілігі, сондай-ақ жеке тұлғалардың азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты жері, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, қоғамдық бірлестіктерге жататындығы, дінге көзқарасы және саяси сенімдері қарсы барлау іс-шараларын жүргізу үшін кедергі болып табылмайды.

Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...22

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться