Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 10 Халықтың көшi-қоны туралы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

Халықтың көшi-қоны туралы
10-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің құзыреті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері: 

1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 

1-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындайды; 

2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдеседі; 

3) бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен байланысты және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдеседі; 

4) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуіне визалар беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ішкі істер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады; 

4-1) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдайды және келіседі; 

4-2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды; 

5) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген , этностық қазақтарға, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына келу, оның ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат береді; 

5-1) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде "Ата жолы" картасын алуға үміткерлерді қоса алғанда, этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдейді; 

6) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...8‑1 9 10 11 12 ...63

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться