Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 23 Халықтың көшi-қоны туралы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

Халықтың көшi-қоны туралы
23-бап. Қандастарға, этностық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне, оның ішінде қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары

Ескерту. 23-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

1. Этностық қазақтар және олардың отбасы мүшелері, оның ішінде қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу кезінде өзінің төлем қабілеттілігін растаудан босатылады. 

2. Қандас мәртебесiн алған адамдар мен олардың отбасы мүшелерi: 

1) қандастарды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерiн көрсетумен; 

2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен; 

3) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейiнгi ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын көлемде техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлiнген квотаға сәйкес бiлiм алу мүмкiндiгiмен; 

4) Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтiк қорғалумен; 

5) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етіледі. 

3. Қандастарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы, саяжай құрылысы үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беріледі. 

4. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау шығындарын өтеуді қамтитын біржолғы жәрдемақылар белгілеуі мүмкін. Жәрдемақыларды төлеудің тәртібі мен шарттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде бекітеді. 

4-1. Қандас мәртебесін алған және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде Қазақстан Республикасының халықаралық шартына және (немесе) кеден заңнамасына сәйкес көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлкіне кедендік төлемдерді төлеуден босатылады. 

4-2. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделетін мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. 

5. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне осы бапта көзделген мемлекеттік қолдау шараларынан басқа тұтыну кредитін және тұрғын үй құрылысына ипотекалық қарыз алу құқығы беріледі. 

5-1. Қандастар немесе оның отбасы мүшелері оларды қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізгеннен кейін қайтыс болған жағдайда, мемлекеттік қолдау шаралары қандастарға немесе отбасы мүшелеріне олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанына қарамастан ұсынылады. 

6. Қандастар Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған бюджет шығындарын мерзімінен бұрын толық көлемде: 

қандас мәртебесін алған сәттен бастап бес жыл ішінде қоныстандыру өңірінің шегінен тыс жерге өзінің еркі бойынша тұрақты тұруға өз бетінше кеткен;  

Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайларда өтеуге міндетті. 

Осы тармақтың бірінші бөлігі екінші абзацының ережесі ғылыми дәрежесі бар қандастарға қолданылмайды. 

Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2018 № 151-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2021 № 39-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...21‑1 22 23 24 25 ...63

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться